Оңдасын Оразалин көпбалалы аналармен кездесті

 Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин 12 наурыз, сейсенбі күні белсенді әйелдермен, көпбалалы аналармен, халықтың әлеуметтік жағынан осал және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында Елбасының«NurOtan» партиясының XVIII съезінде атқан жаңа әлеуметтік бастамаларын жүзеге асыру, табысты көтеру және аз қамтылған азаматтарды қолдау, табысы төмен отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету, білім деру және денсаулық сақтау салаларының сапасын жақсарту жөнінде құрылымды сұхбат болды.

Оңдасын Оразалин Президен тапсырмаларына байланысты енгізіліп жатқан жаңалықтарды  жете түсіндірді. Облыс әкімі сұхбаттастарының көпбалалы аналарға, жалғызбасты аналар мен азаматтардың басқа да әлеуметтік жағынан осал топтарына қатысты сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында өңір басшысы жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізді.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі