Оңдасын Оразалин мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін пайдаланып жаңа жұмыс орындарын құруды тапсырды

9 қыркүйек, сәрсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин орынбасарлары Нұржауған Қалауов, Руслан Хамбаров, Аманғали Бердалиннің жетекшілік ететін салаларына қатысты басқармалардың атқарған жұмыстарын тыңдады.

Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Айбек Қайыр тұрғындарды көгілдір отын, электр, сумен жабдықтау мемлекеттік бағдарламалардың арқасында жүйелі шешімін тауып отырғандығын атап өтті. Облыс бойынша орталықтандырылған су жүйесінің көрсеткіші жыл соңына дейін 99,5 % құрамақ. Тұрғындармен ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ұзындығы 283,4 км болатын 21 жобаны іске асыру үшін 2021-2023 ж.ж республикалық бюджетке ұсыныс берілген. 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2020 жылы қаңтар-тамыз айларындағы тұрғын үйлерді тапсыру 6,6 % артқан. Бұл жөнінде құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Байрон Утешов мәлімдеді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мәлімбет Ибрашов биыл «ЖҚЖК-2020», «Нұрлы жол», «Ауыл-ел бесігі», «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламалары арқылы бірқатар жобалардың жасалғандығын айтты. 2021 жылы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 59% - ға немесе 2,9 мың км-ге жеткізу жоспарда. Бұдан соң облыс әкіміне экономика және бюджетті жоспарлау, қаржы басқармасы, мемлекеттік сатып алулар, дене шынықтыру және спорт, цифрлық технологиялар, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, ауылшаруашылық, ветеринария, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, жерді пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау жөніндегі басқармалардың жыл басынан бергі атқарған жұмыстары баяндалды. Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларының орындалуын айтып өтті. Сондай-ақ, облыс әкімінің баспасөз қызметі мемлекеттік қызметкерлер үшін әлеуметтік желінің маңыздылығына тоқталды.
Облыс әкімі Оңдасын Оразалин орынбасарларына атқарылып жатқан жұмыстардың сапалы жүргізілуін, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін пайдалана отырып, жаңа жұмыс орындарын құруды, халықпен тығыз қарым- қатынаста жұмыс жасауды тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі