Оңдасын Оразалин Мәскеудегі Әлия Молдағұлова атындағы музейде болды

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мәскеудегі Әлия Молдағұлова атындағы музейде болды.

Өңір басшысы Мәскеу қаласындағы жұмыс сапары аясында №402 Мәскеу гимназиясына барып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.
Гимназия 1971 жылы ашылған. 1973 жылы мерген-әйелдердің бастамасымен құрылды. 2005 жылы Ақтөбе қаласының әкімдігі мұражай ғимаратын жөндеуден өткізіп, ескерткіш тақтасын орнатқан болатын.
Облыс әкімі экспонаттарды аралады. Онда мергендерге арналған гимнастерка, Әлияның елінен жеткізілген топырақ салынған қапшықтар қойылған. Аймақ басшысы экскурсияға келуші оқушылар мен балалардың Әлияның мергендік өнері қайдан шыққанын түсінулері үшін мұражайға садақтар мен жебелерді сыйға тартты.
Музейдің екінші бөлімінде қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы білуге болады. Көрнекті орында – Алтын адам, қобыз, қазақтың ұлттық валютасы теңге қойылған.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі