Оңдасын Оразалин тұрғындарды қабылдады

13 қазан күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин "Nur Otan" партиясының облыстық филиалының ғимаратында кезекті рет тұрғындарды қабылдауын өткізді.

Өңір басшысы кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй алу, заң, әлеуметтік салаларға қатысты сұрақтары бар азаматтардың мәселелері мен өтініштерін тыңдады. Тұрғындар жолдаған сауалдарына облыс әкімі тарапынан толыққанды жауап алды.

Аймақ басшысы  Оңдасын Оразалин тұрғындар тарапынан сұрақтарды мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің заң аясында шешілуін қамтамасыз етуді қала әкімі Асхат Шахаровқа және тиісті басқарма басшылары мен мамандарға тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі