Оңдасын Оразалин ІТ-компаниялардың өкілдерімен кездесті

29 ақпан, сенбі күні Қазақстан-Ресей халықаралық университетінде  облыс әкімі Оңдасын Оразалиннің қатысуымен  ІТ-компания өкілдерімен кездесу өтті.
Ондағы мақсат өңірде IT  қауымдастығын құру. Өңірде  цифрландыру бағдарламасының жүзеге асуына басымдық берген  облыс әкімі ІТ-компаниялардың өкілдері мен байланыс саласы мамандарының пікірлерін тыңдады. "Цифрлық Қазақстан"мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда. Негізгі 11 салалық бағыт таңдалып алынды, оның ішінде 6 басым бағыт – қауіпсіздік, денсаулық сақтау, білім беру, ТҮКШ, көлік және қаланы басқару. Осы бағдарлама іске асырыла бастағаннан балабақшаларға кезекті автоматтандыру, мектепке құжаттарды қабылдау, электронды билеттеу және т. б. процесстерді оңтайландыруға мүмкіндік берді»,-деп атап өтті аймақ басшысы. Облыс әкімі сондай-ақ,  "СмартСити" тұжырымдамасының  әзірленгенін , алдағы 5 жылға арналған бірқатар жобаларды іске асыру көзделгендігін жеткізді.  Ақпараттындару және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккер  өңір басшысына 2020 жылы іске асырылатын жобаларға тоқталды.  Биыл "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы бойынша барлық шұғыл қызметтерді біріктіретін бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметін құру, ТҮКШ қызметінің жұмысын бақылау жүйесін құру ,  қызметтерін бақылауға және тек жұмысты орындау фактісі үшін төлеуге мүмкіндік беру , Ақтөбе қаласында ақылды жарықтандыру,сондай-ақ, қалалық маршруттарда электронды билеттеуді енгізу бойынша жұмыстарды  соңына жеткізу жоспарларының орындалатынын айтты. Цифрландыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін  биыл 4,1 млрд. теңге бөлінген. Жиын барысында денсаулық, қауіпсіздік, жол қозғалысы, ауылшаруашылық свнды салаларды  цифрландыру мәселесі қаралды.Компания басшылары облыс әкіміне   ІТ-компанияларының ерекшеліктерімен таныстырып бірігіп жұмыс жасауға әзір екендіктерін айтты. "Светоком" ЖШС директоры И. Кисельников сандық рентген аппараттары және диспетчерлік басқарумен жарық диодты бағдаршамдар жобасын,  "Ақтөбеэлектрогенерация" ЖШС директоры Н.Әжікеев су мен жылуды есептеу құралдарын цифрландыру жұмыстарын таныстырды. Облыс әкімі орынбасары Қайрат Бекенов пен Ақпараттындару және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккерге  ІТ-компаниялардың ұсыныстарын жан-жақты саралауды, қажет деп танылса қолдау көрсету қажеттігін тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі