ОҢДАСЫН ОРАЗАЛИН ҚОБДА АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ

8 қазан, бейсенбі күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Қобда ауданында жұмыс сапармен болып, мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысымен танысты.

Өңір басшысы Егіндібұлақ ауылында «Әлия» оқыту-сауықтыру орталығының құрылыс жұмыстарын көрді. Аумағы 3,266 га жерге 6 ғимарат салынады. Мемлекет меншігіндегі сауықтыру орталығының дизаины облыс бойынша баламасы жоқ ағаштан қиып салынуда. Жыл бойы 16 ауысымда мектеп оқушыларына қызмет көрсетілетін болады. Бір ауысымға балаларды қабылдау мүмкіншілігі 72 бала. Құрылыс жұмыстары 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар, облыс әкімі Қызылжар ауылында болды.

Бұл жерде аукылдық клубты аралап көрді. “Жұмыспен қамтудың жол картасы” мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық клуб құны 66,9 млн тг күрделі жөндеуден өтті. 1980 жылдары бой көтерген нысанның тозығы жетіп, пайдаланусыз қалған болатын. 100 орындық залы, кітапхана, балалар үйірмесі жұмыс жасайды. Клуб ауласы демеушілердің қолдауымен абаттандырылатын болады. “СК ВИКТОРИЯ” ЖШС мердігер мекемесі жөндеу жұмыстарын 3 ай ішінде аяқтады.
Оңдасын Оразалин бірқатар шаруа қожалықтарының көктемгі егістікке дайындықтарын пысықтау мақсатында бірқатар егістік алқаптарында болды.
«Абылайхан», «Құттығай» шаруа қожалықтарының 500 га алқабына Батыс Қазақстан ҚазСушар филиалы мекемесінің мамандары инфрақұрылым тарту жұмыстары жүргізілу керек болатын. Аталған мекеме шаруаларды сумен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстарды атқармаған болып шықты.Облыс әкімі «Қазсушар» АҚ Ақтөбе облыстық филиалының директоры мен Батыс Қазақстан ҚазСушар филиалының басшысына мардымсыз жұмыстары үшін қатаң ескерту жасады.
“Ақтөбе өңірінде ауылшаруашылық саласын дамыту үшін тиісті шаралар қабылданды. Үкімет тарапынан облысымызға ерекше көңіл бөлініп, қолдау тапты. Бөлінген қаражатты тиімді пайдалана отырып, ауылшаруашылығын дамыту қажет”,- деді аймақ басшысы.Сонымен қатар, Ақырап ауылдық округіндегі “Қобда-Агро” шаруа қожалығының жұмысымен танысты.
Мемлекеттік қолдаудың арқасында кәсіп иесі 200 млн. теңге несие алып, Павлодар облысынан 500 бас асыл тұқымды ірі қара сатып алуда. Өңір басшысы Қобда ауылында аудандық орталық ауруханаға жүргізілген күрделі жөндеу жұмысын қарады. Ол үшін “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасы бойынша 92,2 млн. теңге бөлінген. 60 орынға арналған аурухана пандемияның 2-ші толқыны орын алған жағдайда науқастарға қызмет көрсетуге толықтай әзір. Оңдасын Оразалин жұмыс сапары соңында .
Алматы, Құрманов көшелерін жарықтандыру, кәріз жүйесін қайта жаңарту жұмыстарымен танысты. “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасы аясында Алматы көшесін жарықтандыру үшін 20,5 млн. теңге қаралса, Құрманов көшесін жарықтандыру 6,9 млн. теңге бөлінген. Аймақ басшысы аудан әкімі Болат Құловқа шағын және орта бизнесті дамыту, жүзеге асырылуы тиіс жобаларды ждағатты аяқтауды тапсырды.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі