Оңдасын Оразалин ұлы ақын Төлеген Айбергеновтің басына зиярат етті

Қарақалпақстандағы жұмыс сапары барысында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин қазақтың даңқты перзенті,  ұлы ақын Төлеген Айбергеновтің басына зиярат етті.  Небары отыз жыл өмір сүріп, артында өлмес мұра қалдырған ақын Нүкістегі Сорша қорымында жерленген. 
Ертең облыс әкімі Үргеніш қаласында екі мемлекет Премьер-Министрлерінің басшылығымен өтетін II өңіраралық форумға қатысады деп күтілуде.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі