Пайдалануға берілген жерлерден мемлекет мұқтажы үшін жер учаскесін мәжбүрлеп иеліктен шығарудың басталуы туралы

Ақтөбе облысы әкімдігінің  13.09.2019 жылғы № 360 Қаулысы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы  Жер кодексінің 16, 84, 85, 88-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 63, 65-баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына сәйкес, «ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтініші негізінде, Ақтөбе облысы әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:  

1. «ҚАЗАҚТҮРІКМҰНАЙ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Байғанин ауданында «Лақтыбай» кен орнының инфрақұрылым нысандарын жайластыру үшін және көмірсутегі шикізат ұңғымаларын бұрғылау және өндіру үшін «Бағыт» шаруа қожалығының кадастрлық нөмірі 02-023-002-001 жер учаскесінің көлемі 1197,28 га бөлігінің уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын.

         2. Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын мәжбүрлеп иеліктен шығару, осы қаулы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде ресми түрде жарияланған күннен бастап, төрт ай мерзімнен кешіктірмей «Бағыт» шаруа қожалығының шығындарын өтеу жөнінде келісімге келмеген жағдайда жүргізіледі.   

         3. «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ  осы қаулыдан туындаған, соның ішінде келісімдік рәсімдерін жүзеге асыру жөнінде тиісті шаралар қабылдасын. 

         4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.            

 

 

Ақтөбе облысының әкімі                                                                                               О. Оразалин