Парламент депутаттары Ақтөбе өңірінің әлеуметтік саласын жоғары бағалады

10 қаңтар, жұма күні  Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин  ҚР Парламенті Сенатының депутаттары  Марат Тағымов,  Мұхтар Жұмағазиевпен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары  Глеб Щегельский, Асылбек Смағұлов, Құралай Қарекен, Дания Еспаева  Сергей Симоновпен кездесті. Ақтөбе өңіріне жасаған бір апталық  жұмыс сапарларын қорытындылаған мәжіліс депутаттары  облыс басшысына  атқарылған жұмыстар үшін разылықтарын білдірді. Халық қалаулылары Алға, Мәртөк, Қобда аудандарындағы шалғай ауылдарда болып тұрғындармен кездескен.
«Алыстағы ауылдарда болып  халықтың жағдайларын білдік.   Салыстырмалы  түрде қарағанда  тұрындардың тұрмыс-тіршілігі жақсы. Ақтөбе өңірінде атқарылып жатқан игі жұмыстар үшін өзіңізге алғыс білдіреміз»,-деді  Марат Тағымов.
Аймақ басшысы алдағы жоспарларымен бөлісіп, бірқатар мәселелер бойынша  жұмыстар жасалып жатқандығын айтты .   Жуық арада  көгілдір отын, интернет желісімен қамту мәселелері  жүйелі түрде оң шешімін табатындығын жеткізді.
«Елдімекендерді аралап,  халықтың мәселесін тыңдағандарыңыз үшін әлеуметтік ахуалмен танысқандарыңызға рахметіміді айтамын. Мемлекет басшысының Ақтөбе облысына жасаған іс-сапарынан кейін өңірде  көптеген жұмыстар атқарылып, әлеуметтік проблемалардың шешілуіне ерекше көңіл бөлінді» - деді Оңдасын Оразалин.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі