Президенттік жастар кадрлық резерві

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев дарынды жастар үшін ашық және тиімді әлеуметтік саты құру туралы идеяны алға тартты.

Осы жоба барынша даярланған және тәжірибелі жастар үшін мемлекеттік басқару және квазимемлекеттік сектор жүйесінде басшылық қызметке тұруға бірегей мүмкіндік ашады деп көзделіп отыр. Жоғары әкімшілік және саяси лауазымдарға бос орындар пайда болған жағдайда Президенттік жастар кадрлық резервінде тұрған тұлғалардың кандидатуралары қаралатын болады.

Бұл ретте Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылданған тұлғалар резервте тұрған кезеңде лауазымға міндетті түрде тағайындалуы шарт болып табылмайды. Тұлға резервте  5 жыл тұрады.

Сонымен қатар, резервте тұрған тұлғалар ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында одан әрі кәсіби және тұлғалық даму үшін оқыту курстары мен тренингтерден өту мүмкіндігіне ие болады.

Президенттік жастар кадрлық резерві  3 бағыт бойынша құрылады:

  1. Лауазымдардың салалық тобы
  • Министрлер, оның орынбасарлары;
  • Облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары;
  • Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;
  • Квазимемлекеттік сектор компаниялары басқармаларының төрағалары және мүшелері;

  Қызметтің бағыттары

  • экономикалық және қаржылық саясат;
  • әлеуметтік саясат;
  • инфрақұрылымды және қызмет көрсету салаларын, өнеркәсіпті, ауыл шару-ашылығын және қоршаған ортаны дамыту;
  • сыртқы және ішкі саясат;
  • құқықтық саясат.

2.Басқарушылық лауазымдардың тобы

  • Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;
  • Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар аппараттарының басшылары;

Қызметтің бағыттары

  • Басқарушылық бағыт.

3.Өңірлік лауазымдардың тобы

  • Облыстардың, республикалық қалалардың, астананың әкімдері;
  • Облыстық маңызы бар қалалардың, облыс аудандарының және қалалардағы аудан-дардың әкімдері;

Қызметтің бағыттары

  • өңірлік басқару.

Кандидаттарға қойылатын талаптар

Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау  ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен басталды.

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды.

Кандидат 2019 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында PKRezerv.kz сайтына тіркеліп жеке кабинетіндегі деректерді толығымен толтырып, жеке куәлік, жоғары білім туралы диплом және еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесін, сонымен қатар ұсыным хаттарды енгізу қажет.

Құжат тапсыру кезінде жасы 35-тен аспаған жоғары білімі, 5 жылдан кем емес еңбек өтілі және ұсыным хаты бар Қазақстан Республикасының азаматы президенттік жастар кадрлық резервіне қатыса алады.

Ұсыным хат  кандидат жұмыс істейтін немесе жұмыс істеген ұйымның басшысынан; ұлттық компания, ұлттық холдинг, ұлттық даму институты басқармасының төрағасынан немесе оның орынбасарынан мемлекеттік саяси қызметшіден; орталық атқарушы органның жауапты хатшысынан, орталық немесе жергілікті мемлекеттік орган аппаратының басшысынан; ҚР Мәжілісінің, Парламент Сенатының депутатынан, облыстың, республика-лық маңызы бар қаланың, астананың мәслихат хатшысының бірінен ұсынылуы тиіс.

Кандидаттың өтінімі қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келген жағдайда, кандидат Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу кезеңдеріне жіберілетін болады.

2019 жылдың 12 қазанынан бастап 25 желтоқсаны аралығында кандидат бес  іріктеу кезеңінен өтеді. Оның алғашқы үш кезеңі онлайн түрде өткізіледі.

Бірінші кезең.  Қабілеттерді тестілеу - 2019 жылдың 12 қазаны   (онлайн)

Екінші кезең. Тестілеуді верификациялау - 2019 жылдың 19 қазаны (онлайн)

     Үшінші кезең. Әлеуетті бағалау - 22 қазаннан бастап 3 қараша аралығында  (онлайн)

      Төртінші кезең. Сараптамалық комиссияның мүшелерімен сұхбаттасу 27 қарашадан бастап 13 желтоқсан аралығында (жеке)

       Бесінші кезең.ҚР Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы және кандидаттарды Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау 25 желтоқсанға дейін.

Қабілеттерді тестілеу

«Қабілеттерді тестілеу» кезеңі кандидаттардың талдамалық және сыни ойлау деңгейін анықтауға бағытталған.

Тестілеу 1 күннің ішінде кандидат үшін ыңғайлы кез келген уақытта автоматтандырылған жүйеде өткізіледі.

  • Тестілеуден өту мүмкіндігі: 1 (бір) рет қана
  • Тестілеу уақыты: шамамен 1,5 сағат
  • Қажетті ресурстар: компьютер / ноутбук және интернет желісіне тұрақты қолжетімділік (жылдамдығы кемінде 5 мгб)

Кандидаттан интернетке тұрақты қолжетімділіктің және тест тапсыру үшін қолайлы жағдайдың бар екендігіне алдын ала көз жеткізіп алуын сұраймыз.

Ең жоғары нәтижелерді жинаған кандидаттар «Тестілеуді верификациялау» кезеңіне жіберіледі.

Толық ақпаратты PKRezerv.kz сайтынан танысып көріп отыруға болады.