Семей ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарға қандай көмектер көрсетіледі?

Қазақстан Республикасының «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» 18 желтоқсандағы N 1787-ХІІ Заңына сәйкес төтенше радиациялық қауiптi аймақ; ең жоғары радиациялық қауiптi аймақ; жоғары радиациялық қауiптi аймақ; ең төмен радиациялық қауiптi аймақ; жеңiлдiктi әлеуметтiк-экономикалық мәртебесi бар аумақ деп бөлiнедi көрсетілген аймақтарда тұрған және тұрып жатқан азаматтарға ядролық сынақтардан келтірілген залал үшін заңда көресетілген рет бойынша әр жыл сайын АЕК  көлемінде қаржы төленеді.  «Ақтөбе қаласының әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін Ережесін бекіту туралы" 2013 жылдың 20 желтоқсанындағы №188 Ақтөбе қаласының мәслихатының шешіміне сәйкес мүгедектерге және ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарға табыстарын есепке алмай 1,7АЕК көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек, сонымен қатар 9 мамыр – Жеңіс күніне 27 АЕК көлемінде мейрам күндеріне табысын есептемей біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Қосылды: 
10.08.2016 - 07:37
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 07:37