Түсінік беру

 2019 жылдың 20 маусым күні «Диапазон» газетінде бюджет қаражатын жұмсауда анықталған заң бұзушылықтарға қатысты мақала шыққан болатын.

Облыс әкімінің орынбасары Олжас Смағұловтың айтуынша, барлық заң бұзушылықтар процедуралық сипатта болған және бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына әкеліп соқпаған.

9,8 млрд.тг. сомасындағы заң бұзушылық бюджет қаражатының жұсалуына қатысты емес, керісінше салық түсімдерінің сапасыз жоспарлануына байланысты.

Бұдан басқа бөлінген 7,7 млрд.тг 2015-2017 жылдардың ішінде бюджетке қайтарылып, мектеп, аурухана, тұрғын үй мен жол салуға қайта бөлінді.

Мақалада айтылған 5,1 млрд.тг. көлеміндегі заң бұзушылық бюджет тапсырысының жоқтығына емес, керісінше қаражаттың облыстың әлеуметтік жағынан басымырақ шығындарына қайта бөлінуіне байланысты.

Сонымен бірге облыстық мәслихат депутаты Есіркепов А.К. мәслихат сессиясында облыс әкімдігінің қаржы блогі басшылығының құзіретсіздігіне қатысты жеке пікірін көпшілік алдында айтқан болатын.

Алайда, облыс әкімінің орынбасары жеке өкпе-наз  бен меркантилдік мүдде ақылды басып озып, облыс әкімдігінің имиджіне нұқсан келтірмеуі тиіс дейді.

2018 жылы облыс әкімдігі Ақтөбе ауылшаруашылығы колледжінің директоры А.К. Есіркеповті қаржы тәртібінде анықталған өрескел заң бұзушылық дерегі бойынша «сөгіс» түрінде тәртіптік жазаға тартты.

Олжас Смағұлов облыс әкімдігінің басшылығы енді қаржы тәртібін күшейту және экономиканы дамытудың мақсатты жұмыстарын жалғастыратынына сендірді.