Халықты әлеуметтік қолдау басты назарда

Аймақ басшысы Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  ұжымымен кездесті.
30-шілде, сейсенбі күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин облыстық «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар» басқармасы ұжымының қызметкерлерімен  кездесіп, жаңа тағайындалған басшыға бірқатар міндеттер жүктеді.
«Мемлекет қашанда аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көп балалы отбасыларды назардан тыс қалдырмай қолдау көрсетіп келеді,сіздердің алдарыңызға  тұрмыстық жағдайдың  қиындығына тап болып, қаржылық тапшылықтан көмекке зәру болғандықтан үмітпен келеді, сондықтан мемлекеттік қызметкер ретіндегі басты мақсаттарыңыз оларды дұрыс қабылдап, заң аясында мәселесінің шешілуіне ықпал жасау қажетсіздер»,-деп атап өтті Оңдасын Оразалин.
Басқарманың жаңа басшысы Ербол Данағұловқа осы жұмыстарды үйлестіріп, көмек қолын сұрап келген мүмкіндігі шектеулі және түрлі әлеуметтік топтағы азаматтарға сапалы түрде  қызмет көрсетілуін тапсырды.
Сондай-ақ, облыс әкімі   мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекет тарапынан  көрсетілетін қолдаулар барысында   тиісті мамандар уақытында дұрыс ақпараттандырып,  түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отыруы тиіс екенін атап өтті.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі