Экология министрлігі Ақтөбе облысын экологиялық тұрақтандырудың кешенді шараларын іске асыруды жоспарлауда

Ақтөбеліктер министрлікке өңірдің экологиялық проблемаларын шешу жоспарын құруға көмектеседі.
Ақтөбе облысының эко-белсенділері мен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мамандары облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасын әзірлейді. Бұл туралы министрлік бесшысы Мағзұм Мырзағалиев өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.
"Ақтөбе облысы жұртшылығы өңірдегі экологиялық ахуал туралы  әлеуметтік желіде бірқатар мәселелер көтеруде. Бүгін эко-белсенділермен, жұртшылықпен осы себеппен онлайн-кездесу өткіздік. Қатысушылар атмосфералық ауаны мониторингілеу, ластаушы көздер туралы толғандырған мәселелерді, сондай-ақ проблемаларды шешудегі өз көзқарастарын білдірді", - деп жазды министр сәрсенбіде. 
"Кездесу қорытындысында эко-белсенділермен бірге жақын аралықта эмиссияларды қысқарту, жасыл белдеуді дамыту, өндіріс қалдықтарын басқару шараларын қарастыратын облыстың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасын жасап, бекіту келісілді", - деп хабарлады М.Мырзағалиев.
Бұл шаралардың барлығы кейіннен өңірдегі әкімдікпен бірге іске асырылады, деп нақтылады ол.
"Осы жұмыстарға үн қосқан барлық ақтөбеліктерге алғыс білдіремін. Барлығымыз бірге айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе аламыз", - деп ризашылық білдірді министр.
Оның айтуынша, министрлік еліміздің басқа өңірлерінде де осындай кездесулер ұйымдастыруды жоспарлап отыр.