Қалада денсаулығында ауытқушылығы бар балалардың үйден тегін оқытылуы қалай ұйымдастырылған?

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8 сәуірдегі № 174 «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына  және Ақтөбе облысы әкімдігінің 22.05.2015 жылғы №167 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары  баланың заңды өкілінің өтінішіне сәйкес  (еркін нысанда) үйде оқыту бойынша ұсынымдармен қоса дәрігерлік-консультациялық комиссияның анықтамасы және  мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы негізінде  көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет тегін көрсетіледі.

2015 жылдың 1 қазанына Ақтөбе облысы бойынша тегін үйден оқытумен 342 бала қамтылды: оның ішінде 297 бала мүгедек.  Мүгедек балалардың 83-і бағдарламалық-техникалық құралдармен (компьютермен)  қамтылған.

Қосылды: 
10.08.2016 - 10:35
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 10:35