Қандай шаралар қабылдануда тұрғын үйлерді салу бойынша жас отбасылар үшін?

Ақтөбе облысында «Қолжетімді тұрғын үй-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жас отбасыларға арналған жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы бағыты ойдағыдай іске асырылуда.

Аталмыш бағдарламаның ауқымында соңғы үш жыл ішінде 49,9 мың шаршы метр тұрғын үйлер салынып, облысымыздың 666 жас жанұясы жайлы баспанамен қамтамасыз етілді.

Бұл бағыттағы жұмыстар бұдан әрі жалғастырылатын болады. Ағымдағы жылы ҚР Ұлттық қоры қаражаты есебінен жалпы алаңы 26,4 мың шаршы метрді құрайтын жас отбасыларға арналған екі тұрғын үйдің құрылысын бастап, 2017 жылы аяқтау көзделген. Аталмыш тұрғын үйлерді пайдалануға енгізу облыстың 468 жас отбасын  жайлы пәтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қосылды: 
10.08.2016 - 10:04
Соңғы өзгерiстер: 
12.08.2016 - 07:31