Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтаманы қайдан алуға болады?

      «Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі қалалық және аудандық білім бөлімдерімен «Азаматтар үшін  үкімет»  мемлекеттік корпорациясы арқылы, бұған қоса  «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады

        Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

«Азаматтар үшін үкімет»  мемлекеттік корпорациясы арқылы:

  1. нысан бойынша өтініш;
  2. көрсетілетін қызметті алушының жеке басын кәуландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі);
  3. бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін не Қазақстан Республикасынан тыс  жерде туылған жағдайда баланың туу туралы куәлігі (жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі).

порталда:

  1. көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс;

Порталда электрондық сұранысты қабылдау көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын растайтын құжаттарының, баланың туу туралы куәлігінің мәліметтерін (бала 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған жағдайда)  «Азаматтар үшін үкімет»  мемлекеттік корпорациясы қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады

 

Қосылды: 
10.08.2016 - 10:38
Соңғы өзгерiстер: 
10.08.2016 - 10:38