Үкімет делегациясының мүшелері Ақтөбе облыстық жұқпалы клиникалық ауруханасында болды

14 наурыз күні Ақтөбе өңіріне  іс-сапармен келген Премьер-Министрдің орынбасары бастаған Үкімет делегациясының мүшелері  Ақтөбе облыстық жұқпалы клиникалық ауруханасында болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев   короновирусқа қатысты қабылданып жатқан шаралармен таныстырды, және жағдайдың қалыпты екенін жеткізді. «Ақтөбе облысында  жағдай тұрақты. 12 наурыздан бастап ҚХР, Иран, Оңтүстік Корея, Италиядан келгендер осы мақсаттар үшін жеке бөлінген медициналық мекемеге 14 күнге, Франциядан, Германиядан, Испаниядан 14 күндік үй карантиніне оқшауланады»,-деді  Әсет Қалиев.  130 төсекке арналған төсек қоры, материалдық-техникалық базасы жаңғыртылған жұқпалы аурулар госпиталдары, 200 төсекке арналған провизорлық госпиталь, 500 төсекке арналған обсервация құрылған. Мекеме қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіліп, медициналық персонал оқытудан өткен. Дәрі - дәрмек қоры құрылды, медперсонал жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген..
Сондай-ақ, бөлшек дәріхана желісінде маскалармен проблемалардың барын айтты. "Фарм" ТК күн сайын 4 мың маска шығарады. Шикізаттың бағасы қымбаттауына  байланысты  30 теңге тұратын маскалар енді 80-100 теңгеден сатылады. Премьер-Министрдің орынбасары Ералы Тоқжанов клиникалық ауруха ішін  аралап, жағдаймен толық танысты. Облыс басшысына  жағдайды қалыпты ұстап, тұрғындар арасында  түсіндіру шараларын күшейтуді тапсырды.
 
Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі