2017 жылғы 13 қаңтардағы өкімімен Ықылас Аян Сәулетұлы «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

ЫҚЫЛАС Аян Сәулетұлы

1976 жылы дүниеге келген. Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін бухгалтер-экономист, «Тұран Астана» университетін құқықтану бакалавр мамандықтары бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1993 жылы Қызылорда облысы Қазалы ауданы Құмжиек совхозында жұмысшы ретінде бастаған.

Кейін Құмжиек селолық округі аппаратының бас маманы, Қазалы ауданы бойынша салық комитетінің сектор меңгерушісі, Құмжиек селолық округінің әкімі, қайта өңдеу өнеркəсібін дамыту жəне ДСҰ департаменті директорының орынбасары және т.б. қызметтерді атқарған.

2014 жылғы сәуір айынан бері – «Ақтөбе облысының ауылшаруашылығы басқармасы» басшысының орынбасары.