6.12 ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ

Наименование: 
Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру
Стандарт: 
Регламент: 
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға конкурстық негізде беру

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

 

жеке және заңды тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 43 (қырық үш) жұмыс күні;
      2) көрсетілетін қызметті алушының конкурстық өтінімді тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

 қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

      Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру – сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      1) конкурсқа қатысуға ерікті нысандағы өтініш;
      2) конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар:
      су объектісін пайдаланудың мәлімделетін мақсаттарына сәйкес келетін материалдық-техникалық базаның болуы;
      қаржыландыру көзі мен көлемдерін көрсете отырып үш және одан көп жылдарға жылдар бойынша даму жоспары (суды қорғау іс-шараларын, су объектісін ұтымды пайдалану, су ресурстарын қорғау, су объектілерін абаттандыру жөніндегі іс-шаралар өткізуді қоса алғанда);
      конкурсқа қатысушы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген уақыттың алдындағы үш ай бойына созылған банктің немесе банк филиалының алдындағы мерзімі өткен қарыздың болмауы туралы конкурсқа қатысушыға қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының мөрімен және қолымен конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күні алдындағы мерзімнен бір ай бұрын берілген анықтаманың түпнұсқасы (егер конкурсқа қатысушы бірнеше екінші деңгейлі банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банк клиенті болған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
      бірінші басшы немесе оны ауыстыратын адам қол қойған соңғы қаржылық жылға бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы (егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 30 сәуіріне дейінгі мерзімде өтсе, соңғы қаржылық жылдың алдындағы қаржылық жылға бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылуы мүмкін);
      үш айға дейіннен көп уақытқа салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік салымдар бойынша берешектері жоқ екендігі туралы (егер төлем мерзімі Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кейінге қалдырылған жағдайды қоспағанда), не конкурстық өтінімдері бар конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан ерте емес уақыта берілген салық берешегі және міндетті зейнетақылық жарналар мен әлеуметтік салымдар бойынша бір теңгеден аспайтын берешегінің болуы туралы тиісті салық органы анықтамасының түпнұсқасы;
      3) мыналардың:
      жарғының;
      заңды тұлғаларға – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің* немесе анықтаманың көшірмелері;
      * ескертпе: «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілеттіктерді тіркеу есебі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалды, өкілдікті) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлға қызметін тоқтатқанға дейін жарамды болып табылады;
      жеке тұлғаларға – дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің, жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмелері;
      4) инвестицияға қысқаша негіздемемен су объектісін пайдалануға қатысты конкурсқа қатысушының ниеті;
      5) мыналарға:
      жергілікті өкілетті органдар белгілеген шарттарда жалпы су пайдалану құқықтарын сақтау жөніндегі;
      суды қорғау іс-шараларын жүзеге асыру жөніндегі;
      оқшауланған немесе бірлесіп суды пайдалануға берілетін су объектілерінде жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су объектілерінің суды қорғау аймақтарының аумағында шаруашылық және басқа да қызметтердің белгіленген режимдерін сақтау жөніндегі.
      Конкурстық өтінім нөмірлерген беттерімен, тігілген түрде ұсынылады, соңғы беті қолмен және мөрмен (бар болғанда) куәландырылады.
      Құжаттар топтамасын қабылдау уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы оның көшірмесіндегі белгі қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі және (немесе) конкурс қорытындылары туралы конкурстық комиссия хаттамасы негізінде қағаз түрінде облыстың жергілікті атқарушы органы және конкурс жеңімпазы арасындағы су объектілерін оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға беру туралы шарт.

Қосылды: 
13.10.2016 - 11:40
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2018 - 04:06