6.5 ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ

Наименование: 
Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жер асты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру
Стандарт: 
Регламент: 
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Астана және Алматы қалалары, облыстар, жергілікті атқарушы органдар Министрліктің Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің келісімі бойынша (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті беруші;

      2) www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

 

жеке және заңды тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап – 9 (он бір) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 30 (отыз) минут;

      3) қызмет көрсетудің барынша рұқсат етілетін уақыты – 15 (он бес) минут.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

      2) Портал - тәулік бойы, жөндеу жұмыстрарын жүргізуге байланысты техниқалық үзілістерді қоспағанда (қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғанан кейін жүрген кезде, Қазақстан Республикасы енбек заннамасына сәйкес демалыс және мереке өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижілерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) өтініш берген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге:

      көрсетілетін қызметті алушының өтінімі;

      жоспарланған құрылыс аумағының және оған іргелес аумақтың топографиялық жоспарының көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кен геологиялық жағдай, қолда бар және жоспарланған құрылыс контуры, тау-кен бөлінісінің шекарасы, құрылыс объектісіне тау-кен игерудің зиянды әсер ететін аймақ шекаралары көрсетіледі);

      түсіндірме жазба;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтінімі;

      жоспарланған құрылыс аумағының және оған іргелес аумақтың топографиялық жоспарының электронды көшірмесі (топографиялық жоспардың көшірмесінде тау-кен геологиялық жағдай, қолда бар және жоспарланған құрылыс контуры, тау-кен бөлінісінің шекарасы, құрылыс объектісіне тау-кен игерудің зиянды әсер ететін аймақ шекаралары көрсетіледі);

      түсіндірме жазбаның электронды көшірмесі;

      көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттардың бәрін:

      көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол немесе пошта байланысы арқылы) тапсырған кезде – құжаттар топтамасының қабылданған күні мен уақыты көрсетіліп, оның көшірмесіне қызметті берушінің кеңсесінде тіркелгені туралы белгінің қойылуы өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу мерзімі көрсетіліп, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраудың қабылданғаны туралы мәртебесі көрінеді;

      Жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттар, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жинақталған жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) беру;

      Қағаз тасығыш рұқсат алуға өтініш берілген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының мөрімен және қолымен расталады.

      Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.

Қосылды: 
13.10.2016 - 08:55
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2018 - 10:39