6.8 ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ

Наименование: 
Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру
Стандарт: 
Регламент: 
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті:

      екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда облыстардың жергілікті атқарушы органдары;

      екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатында Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушілердің кеңсесі;

      2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

 

жеке және заңды тұлғалар

Қызметтің құны

ақылы/тегін

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні;

      2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;

      3) қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде көрсетілетін қызметті алушылардың құжаттарын алған кезден бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінімді одан әрі қараудан уәжді түрде бас тартады.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіде – 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 96-бабына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі-жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекстің 96-бабына және Заңның 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдау және нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      көрсетілетін қызметті берушіге:

      мынадай:

      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      жеке басын куәландыратын құжат, ал өкіл – қызметті алушы өкілінің өкілеттігін растайтын құжат және жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін);

      жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының көшірмесі.

      Қосымша пайдалану түріне байланысты, өтінімге мына құжаттар қосымша тіркеледі:

      1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):

      жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың көшірмесі;

      2) ғылыми-зерттемелік аулауға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының көшірмелері;

      жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін есеп-қисаптардың көшірмесі;

      бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің көшірмесі (рұқсаттар берілген жағдайда);

      3) өсімін молайту мақсатында аулауға:

      балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің көшірмесі;

      4) эксперименталдық аулауға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің көшірмесі;

      5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді көшірмелері;

      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);

      6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:

      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме).

      Порталға:

      ЭЦҚ-мен куәландырылған мынадай:

      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (кәсіпшілік балық аулауға, ғылыми-зерттеулік аулауға, эксперименталдық аулауға, мелиоративтік аулауға, өсімін молайту мақсатында аулауға, әуесқойлық (спорттық) аулауға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша;

      жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаттар беру кезінде (аң аулауға, жануарларды ғылыми мақсаттарда пайдалануға, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға, жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім;

      ЭҮТШ арқылы төленгенін қоспағанда, жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы туралы төлем құжатының электрондық көшірмесі.

      Қосымша пайдалану түріне байланысты, өтінімге электрондық құжат нысанында мына құжаттар қосымша тіркеледі:

      1) аң аулауға (алғашқы рет жүгінген кезде):

      жануарлар дүниесінің объектілерін алу шетелдіктердің қатысуымен жүргізілген жағдайда – аңшылық шаруашылығы субъектісінің аң аулауды ұйымдастыруға шетелдіктермен жасаған шарттың электрондық көшірмесі;

      2) ғылыми-зерттемелік аулауға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми жұмыстар жүргізу негіздемесінің және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасының электрондық көшірмелері;

      жануарлар дүниесі объектілерінің аулануы жоспарланып отырған көлеміне негіздеме беретін есеп-қисаптардың электрондық көшірмесі;

      бұдан бұрын берілген рұқсаттарды пайдалану нәтижелері туралы есебінің электрондық көшірмесі (рұқсаттар берілген жағдайда);

      3) өсімін молайту мақсатында аулауға:

      балық ресурстарының өсімін молайту бойынша мемлекеттік тапсырысты орындау мақсаттары үшін аулау жағдайларын қоспағанда, қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;

      4) эксперименталдық аулауға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен биологиялық негіздеменің электрондық көшірмесі;

      5) жануарларды ғылыми, мәдени-ағарту, тәрбиелік және эстетикалық мақсаттарда пайдалануға:

      қадағалаушы ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен ғылыми-тақырыптық жоспардан және ғылыми-зерттеу жұмыстары бағдарламасынан үзінді электрондық көшірмелері;

      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың электрондық көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме);

      6) жануарлар түрлерін өсімін молайту мақсатында пайдалануға:

      жануарлар дүниесі объектілерін алуға негіздеме беретін материалдардың электрондық көшірмелері (мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы бар биологиялық негіздеме).

      Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:

      көрсетілетін қызметті берушіге – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын көрсете отырып, оның тіркелгені туралы көшірмесіндегі белгі қағаз жеткізгіште өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;

      портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» түседі

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қолымен куәландырылады.

      Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электронды цифрлы қолы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында қызмет алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі және сонда сақталады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрінде.

Қосылды: 
13.10.2016 - 09:35
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2018 - 04:16