6.9 ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ

Наименование: 
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу
Стандарт: 
Регламент: 
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік қызметті орман шаруашылығы саласында функцияларды жүзеге асыратын облыстардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.еgov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Қызметті алушылар

 

жеке және заңды тұлғалар

Қызметтің құны

тегін

Қызмет көрсету мерзімі

      1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 2 (екі) жұмыс күні;
      2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 30 минут;
      3) қызмет көрсетудің жол берілетін барынша шекті уақыты – 10 минут.
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызмет алушының құжаттарын алған сәттен бастап, екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
      Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тарту береді. 

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-дан 18.30-ға дейін.

      Өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен көрсетіледі;

      2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді есептемегенде, тәулік бойы (қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мерекелік күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016 № 270 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Қажетті құжаттар

 

Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі)жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге:
      1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша шартты мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;
      2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты (3 данада);
      порталға:
      1) осы мемлекеттік қызмет стандартына қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында шартты мемлекеттік тіркеу туралы сұрау салу;
      2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының электрондық көшірмесі.
      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде болатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      Көрсетілетін қызметті берушіге – құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы оның көшірмесіндегі белгі қағазға басылған түрінде өтініштің қабылдануының дәлелі болып табылады;
      портал арқылы көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұранымды қабылдау туралы мәртебе жіберіледі.
      9-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады:
      1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) өтініштегі немесе құжаттардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігі белгіленуі;
      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті, ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/41 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10489 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
      4) негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айрылған көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімінің болуы.
      Ескерту. 2-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 23.06.2016 № 270 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу.

Қосылды: 
13.10.2016 - 09:42
Соңғы өзгерiстер: 
25.08.2018 - 04:12