9.4.2 АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ЖОЛАУШЫЛАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР

Наименование: 
Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiкқалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру
Стандарт: 
Регламент: 
Паспорт государственной услуги: 

Қызметтің атауы

Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiкқалааралық) және халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау қызметiмен айналысу үшін лицензия беру

Қызметті көрсететін мемлекеттік орган

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді

Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

      1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

      2) 2) www.egov.kz, www.elincense.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады..

Қызметті алушылар

жеке және заңды тұлғаларға

Қызметтің құны

ақылы негізде

Қызмет көрсету мерзімі

 

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті берушіге, Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде:

       лицензияны беру – 15 жұмыс күн;

      лицензияны қайта ресімдеу – 3 жұмыс күн;

      лицензияның телнұсқасын беру – 2 жұмыс күн;

      2) Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінгенде қабылдаған күн мемлекеттік қызмет көрсету мерзiмiне кiрмейдi.

Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

Жұмыс кестесі

1) ХҚО – еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерiнен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында жұмыс кестесiне сәйкес, түскi үзiлiссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейiн.

      Өтініштер мен құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, портал арқылы электрондық кезекті броньдауға болады;

      2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерінен басқа, дүйсенбі – сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін;

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы (немесе оның өкілетті өкілінің: өкілеттілікті растайтын құжаты бойынша заңды тұлға; нотариалды расталған сенімхат бойынша жеке тұлға) өтініші бойынша мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізімі:

      1) лицензиялар алу үшін:

      Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 1,  2қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      «электрондық үкіметтің» төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

      өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты құжаттарының көшірмелері;

      порталға:

      порталға қызмет алушының электрондық сандық қолы қойылған (бұдан әрі - ЭСҚ), электрондық құжат үлгісінде сұрау салуы;

      «электрондық үкіметтің» төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

      өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты электрондық құжаттарының көшірмелері;

      2) лицензияларды қайта ресімдеу үшін берілетіндер;

      Мемлекеттік корпорацияға:

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартына 3,  4қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      «электрондық үкіметтің» төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

      өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты құжаттарының көшірмелері;

      порталға:

      порталға қызмет алушының электрондық сандық қолы қойылған (бұдан әрі - ЭСҚ), электрондық құжат үлгісінде сұрау салуы;

      «электрондық үкіметтің» төлемақы шлюздері арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық жинақ төлемін растайтын құжаты;

      өтініш берушінің осы мемлекеттік қызмет көрсету үлгілерінің 5 қосымшасындағы көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын, қызмет түрлеріне қатысты электрондық құжаттарының көшірмелері;

      3) лицензияның телнұсқасын алу үшін (егер де бұрын берілген лицензия қағаз түрінде рәсімделген болса) қызмет түрін берушіге береді:

      еркін үлгіде жазылған өтініш;

      лицензияның көшірмесін беру үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаған кезде құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқаларды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

      Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушы жазбаша келісімді ұсынады.

      Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған, жеке басты растайтын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметті Мемлекеттік корпорация қызметкері, көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды берген кезде:

      Мемлекеттік корпорацияға – тиісті құжаттардың нөмірі және қабылданған күні туралы қолхат беріледі;

      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрінеді.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде, тауарлық-материалдық құндылықтарды алуға арналған белгіленген нысандағы сенімхатты және ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, төлем құжатты, жеке басын куәландыратын (немесе нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша өкілі) құжатты көрсеткен кезде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтижелерді бір ай ішінде сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті алушыға одан әрі сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жібереді.

Мемлекеттік қызметтің нәтижесі

жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия, лицензияны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқалары не мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауап қағаз және (немесе) электрондық түрде.

Қосылды: 
18.10.2016 - 16:29
Соңғы өзгерiстер: 
24.08.2018 - 21:49