#Birge #TazaQazaqstan акциясы аясында 5000 ақтөбелік ат салысты

25-шілде, бейсенбі  Ақтөбеде #Birge #TazaQazaqstan акциясының алғашқы күні бастау алды. 
Республика көлеміндегі экологиялық акцияға Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы ЗТБ төрайымы Айгүл Соловьева, «Konrad Adenauer» қоры Қазақстандағы өкілдігінің директоры Томас Хельм,облыстық мәслихат хатшысы Сәния Қалдығұлова,қала әкімі Мавр Абдуллин қатысты. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов шараға қатысушыларға алғыс білдірді.
«Осы шараға арнайы келген азаматтарға облыс әкімінің атынан  алғысымды білдіремін.Қоршаған ортаның, тазалығы барлығымыз үшін маңызды, экологиялық акцияға Ақтөбе өңірінен жалпы  5000-ға жуық азамат қатысуға ниетті»,-деді облыс әкімінің орынбасары. #Birge #TazaQazaqstan Республикалық, экологиялық акциясына қатысуға сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының өкілдері мен   мүмкіндігі шектеулі азаматтардан құралған қоғамдық бірлестік  мүшелері, ЖОО студент жастары, қоғамдық кеңес мүшелері, еріктілер мен  мемлекеттік қызметкерлерден құралған 300 ден астам азамат энергетиктер лагерінен «Тау» демалыс аймағына дейінгі аумақты тазалауға ат салысты. Аталған шара аясында алдағы күндері  Ақтөбенің  10 аумағында яғни, «Ақжар» көпірінің маңы, «Қарғалы» өзені аумағы, «Қызылжар» елдімекеніндегі «Жаман Қарғалы», «Ақтөбе» суқоймасы маңы, «Елек», «12 м/а», «Сазды» өзені, «Малбазар», «Пригородный» аудандары, «Кривое» көлінен «Елек» өзендерінің айналасына дейінгі аймақтарда  әр сенбі осындай  тазалық жұмыстары жүргізіледі.Ол үшін арнайы жүк, тиегіш техникалық көліктері жұмылдырылған.Айтып өтейік, #Birge #TazaQazaqstan Республикалық, экологиялық акциясы алғаш 20-шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ұйымдастырылған болатын. Ақтөбе облысы акцияны ұйымдастырған  екінші өңір болып отыр.

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі