«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ мемлекеттік жеке әріптестікті дамыту бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, (№14/1), 1 бірлік.

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері арасында бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-21-30, 56-49-21, 93-20-76, e-mail: g.nizarova@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ мемлекеттік жеке әріптестікті дамыту бөлімінің басшысы, D-O-3 санаты, (№14/1), 1 бірлік.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 126 383,13 теңгеден 170 545,99 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысының барлық қызметіне басшылық жасайды және жұмысын ұйымдастырады, бөлімге жүктелген міндеттер мен қызметтерді орындалуына жауап береді. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберіндегі және квазимемлекеттік сектор субъектердің жарғылық капиталына қатысу шеңберінде жүзеге асырылатын жобалар бойынша орта мерзімді кезеңге арналған бюджетті және кезеңді қаржы жылына арналған жобаларды құру; Ақтөбе облысы әкімдігінің қатысуымен құрылған коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, сонымен қатар басқа ұйымдардың тиімділігін талдау және бағалауын жүзеге асыру; МЖӘ шеңберінде және концессия шеңберінде іске асырылатын коммуналдық меншіктегі объектілерді және МЖӘ жобалар тізімін қалыптастыру; МЖӘ жобалары бойынша қаржы-экономикалық негіздемесі мен техника-экономикалық бағалауды және экономикалық сараптаманы түзету, әзірлеу үшін, сонымен қатар квазимемлекеттік сектордегі субъектілердің жарғылық капиталы арқылы іске асырыралатын арнайы мекемелерді шақырту; МЖӘ жобаларының іске асыру мониторингі; МЖӘ арқылы іске асырылатын жобалар бойынша тұжырымдаманы, конкурстық құжаттаманы және келісім-шарттардың жобаларын әзірлеу және сараптау қызметтерін қаржыландыру арқылы бюджеттік өтінімдерді қарау, облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау;Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен және МЖӘ жобасының тұжырымдамасы бойынша жергілікті бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздері бойынша

экономикалық қорытындылар дайындау;Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы есебінен жергілікті бюджеттік инвестициялардың орындалуын бақылау және бағалау; МЖӘ жобалары және концессиялық ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындау, конкурстық құжаттамалар, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізген кезде, конкурсқа қатысушылардың конкурсқа қатысуға берген концессиялық өтінімдері мен концессионерді, МЖӘ келісім-шарттарының жобаларын және концессияларды таңдау кезінде, оның ішінде МЖӘ және концессиялық келісім-шарттарда коммуналдық меншікке жататын концессия объектілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, құны 4 000 000 айлық есептік көрсеткішке дейін концессия объектісін құру (реконструкциялау) және оларды тиісті бюджеттік комиссияға енгізу; МЖӘ басымдылықтарының басым жобаларының тізбесін қалыптастыру; заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуымен және МЖӘ шеңберінде жүзеге асырылатын, тиісті ақпаратты дайындау; МЖӘ жобалары үшін облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үшін шығыс лимиттерін айқындау; МЖӘ саласындағы мемлекеттік саясаттың құзыреті шегінде оларды іске асыру;Мемлекеттің заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуымен жүзеге асырылатын және жүзеге асырылатын МЖӘ жобаларын талдау; Жоғарғы органдардың, облыс әкімдігінің өтініші бойынша ай сайынғы және тоқсандық есептерді дайындау;жоғары тұрған органдардың, облыстық әкімдіктің тапсырмалары бойынша ақпарат дайындау; квазимемлекеттік сектор және МЖӘ дамыту аясындағы қолданыстағы ҰЭТ-на өзгерістер енгізу туралы ұсыныстарды талдау және дайындау;Жоғары басқарушы органдармен, облыс әкімі аппаратымен, жергілікті атқарушы органдармен, заңды тұлғалармен және жеке тұлғалармен департамент қызметіне хат алмасу; Бөлім қызметіне қатысты заңды және жеке тұлғалардың өтініштеріне жауаптар дайындау; Өз құзыреті шегінде басқарманың атынан сот процестеріне қатысады. Нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын және өзге де нормативтік-құқықтық құжаттарды тапсыру үшін ұсынылатын заңнаманың сақталуын тексеру;

Мемлекеттік органдарда, құқықтық мәселелер бойынша өзге де мекемелер мен ұйымдарда белгіленген тәртіпте өкілдік ету. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру. Өзінің қызметтерін СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асыру қажет. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет. Мемлекеттік тілді білуі және Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламалары бойынша компьютерде істеу білуі кажет.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика), құқық (құқықтану,халықаралық құқық).

 

 

 

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ-сінде өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.

Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Қосылды: 
10.10.2019 - 00:35
Соңғы өзгерiстер: 
14.10.2019 - 00:35