«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экономикалық талдау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне 2020 жылдың 08 қарашасына дейін), D-O-4 санаты

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері арасында уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-21-30, 56-49-21, 93-20-76, e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz, мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экономикалық талдау бөлімінің бас маманы (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу кезеңіне 2020 жылдың 08 қарашасына дейін), D-O-4 санаты,  №2-3, 1-бірлік.                                                    

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                              Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, облыс әкімінің заңдары мен нормативтік актілерін оқып, оларды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұйымдастырады және орындалуын бақылайды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында тұрғындарды қаржы институттар арқылы несиелендіру жұмыстарын ұйымдастыру. «Инновациялық тәжірибелерді тарату және енгізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту» бюджеттік бағдарламасы бағдарламасы бойынша жұмыстарын ұйымдастыру. Басқарма бойынша барлық бюджеттік бағдарламалар бойынша берілген субсидиялар бойынша есеп. 2021 жылдарға өңірлерді дамыту бағдарламасының (агломерация, шағын қала, шекара маңындағы 2017-2021 жылдарға арналған) орындалуына қатысады. Жоғары органдарға ұсыну үшін агроөнеркәсіптік кешені бойынша талдау жасап, анықтамаларды дайындайды. АӨК еңбек рыногінің жай күйін және еңбекті ынталандыру мен ақы төлеу перспективасын талдайды. Ауыл шаруашылығы ұйымдарын дамытудың қаржылық-экономикалық негіздемесін, бизнес-жобаларын әзірлеуге қатысады. Мемлекеттік қолдауға мониторинг жүргізеді. «Агроөнеркәсіптік кешен субьектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау» (автоматтандырылған) мемлекеттік қызметін көрсету және ай сайын есебін жүргізу. 

Заңды және жеке тұлғалардың арыздары мен өтініштерін  уақытында  қаралуын, бөлім құзырына қатысты басқа да тапсырмаларды орындайды. Бөлімдегі іс-құжаттарын жүргізеді және оның сапасына жауап береді.

Компьютерлік жабдықтарды (қажетті бағдарламаларды) жарақтылықта   ұстауды   қамтамасыз   етеді.Word, Excel, E-mail, Internet, бағдарламаларымен компьютерде жұмыс жасау тәжірибесінің болуы, мемлекеттік тілді білуі. Байланысқа бейімділік, ынтагерлік, командада жұмыс жасау, орындаушылық, дәреже сатысын және қызметтік тәртіпті сақтау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, есеп және аудит, қаржы, менеджмент, мемлекеттік және жергілікті басқару).

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ-сінде өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

Қосылды: 
15.10.2019 - 06:09
Соңғы өзгерiстер: 
19.10.2019 - 20:10