«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, 1 бірлік, № 1-4 индексі

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 932130, 564921,e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

«Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары, D-О-2 санаты, 1 бірлік, № 1-4 индексі

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 163166 теңгеден 220682 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреті шегінде мүгедектерді әлеуметтік қорғау, өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты қамтамасыз ету және жүргізу, халықтың көші-қон бөлігінде оралман мәртебесін беру немесе ұзарту, оралмандарды уақытша орналастыру орталығының қызметін ұйымдастыру, квота шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуы бөлігінде халықты жұмыспен қамту, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бөлген не квотадан тыс ішкікорпоративтілік ауыстыру шеңберінде жүзеге асыру; Жетекшілік ететін бағыттары бойынша қалалық және аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің жұмысын үйлестіру және әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; Аумақтарды дамыту Бағдарламасының нысаналы индикаторларының тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу бойынша жұмысты үйлестіру, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетумен қамтылған адамдардың үлгі салмағы (оларды

алуға мұқтаж адамдардың жалпы санынан); жеке сектор субъектілері (оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар) ұсынатын арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі; паспортталған әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі бойынша жалпы басшылықты жүзеге асыру; Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мүгедектерді санаторлы-курорттық емдеумен, техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен немесе арнайы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды үйлестіруді жүзеге асыру; Уәкілетті органдармен және мүгедектердің қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, мүгедектер арасында сауықтыру, спорттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіруді жүзеге асыру; Басқарма құзыретіне жататын әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мүгедектердің қол жеткізуін қамтамасыз ету жөнінде мониторинг жүргізу бойынша жұмысты үйлестіру және басшылықты жүзеге асыру; Басқарма құзыретіне жататын шетелдік жұмыс күшін тарту, халықтың көші-қон мәселелері бойынша жұмыстарды үйлестіру және басшылықты жүзеге асыру; Басқарманың әлеуметтік желілерін (facebook.com, vk.com, instagram.com) веб-сайтын(social.aktobe.gov.kz), «Тұлғалардың өтініштерін бірыңғай есепке алу», «ИПГО», «ECCO», «Salary», «Parus», «Erp», «К2», «Е-Минфин», «Е-қызмет», «ЕСЕДО», «Е-халық», «Иностранная рабочая сила», «Оралман», «Социальная помощь», «Е-собес», «Еңбек нарығы» ААЖ бағдарламалық қамтамасыз етулеріне техникалық қызмет көрсету және сүйемелдеу жұмыстарын техникалық үйлестіру және ақпараттық ресурстардың үздіксіз техникалық жұмысын қамтамасыз ету бойынша жалпы бақылауды жүзеге асыру; Республикалық, өңірлік БАҚ, интернет-ресурстарды қоса алғанда, теле-радиоарналар, әлеуметтік желілеріне жауаптар, басқарманың құзыретіне сәйкес басқарманың атына жолданған бейтарап, позитивті, сыни пікірлер, баптар, жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша уақтылы орналастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру; Өңірлік, республикалық БАҚ, теледидар, әлеуметтік желілермен, басқарманың медиа-жоспарын әзірлеу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету және ұйымдастыру; Республикалық БАҚ, теле-дидарда, әлеуметтік желілеріне жауаптар, бейтарап, позитивті, сыни пікірлер, мақалалар, жеке және заңды тұлғалардың жүгінуі бойынша уақтылы орналастыру жұмыстарын жүзеге асыру және үйлестіру; Басқарманың бейінді бөлімдеріне жетекшілік ететін бағыттары бойынша басқарманың веб-сайтына (social.aktobe.gov.kz), әлеуметтік желілерге (facebook.com, vk.com, instagram.com), "ашық деректер" веб-порталы egov.kz уақтылы ақпараттық толықтыру, жаңарту бойынша жалпы бақылауды жүзеге асыру; Жетекшілік ететін бағыты бойынша Басқарма қызметінің негізгі бағыттарымен мемлекеттік әлеуметтік саясатты жүргізуге байланысты Басқарма атынан ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын, оның ішінде БАҚ-та, теледидарда, интернет ресурстарда, әлеуметтік желілерде көпшілік алдында сөз сөйлеуді жүзеге асыру; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, басқармадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған іс-шараларды қамтамасыз ету және жүргізу. Басқарманың ведомстволық бағынысты мекемелерінің №1,№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының (мүгедектер мен қарттарға арналған интернат үйі, психоневрологиялық интернат үйі) жұмыстарын

бақылау және үйлестіруді жүзеге асыру; Азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде олардың өтініштерін қарау және жетекшілік ететін бағыты бойынша қажетті шаралар қабылдау; Басқармада және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында шаруашылық мәселелерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жұмысын үйлестіру, басқарманы жылу-сумен жабдықтауды, кәрізді, телефон байланысын және басқа да коммуникацияларды қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс мәселелерін, басқарма ғимаратының ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын үйлестіру. Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес басқармаға жүктелуі мүмкін және басқарманың құзыретіне кіретін өзге де міндеттерді жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, орталық атқарушы органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерімен, Ақтөбе облысының, Ақтөбе қаласының және аудандардың әкімдіктерімен, жергілікті атқарушы органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, саяси партиялармен және басқа да ұйымдармен жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында әрекет ету; Қоғаммен байланыс жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, БАҚ және ақпараттық жүйелерді бағдарламалық сүйемелдеу бөлімінің, мүгедектермен, ардагерлермен жұмыс, АӘҚ және әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру бөлімінің, шетелдік жұмыс күшін тарту және халықтың көші-қон мәселелері жөніндегі бөлімінің; №1,№2 әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының, шаруашылық бөлімінің жұмыстарына жетекшілік ету; Жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі, облыс әкімдігі жанындағы оралмандар мәселелері жөніндегі комиссиялардың, мүгедектер істері жөніндегі кеңестің жұмыстарын үйлестіру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

 

Білімі бойынша талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білімі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, маркетинг, статистика, әлемдік экономика, қоғамдық байланыс, журналистика), құқық (құқықтану, халықаралық құқық), білім (информатика, құқық және экономика негіздері, тарих, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, шетел тілі: екі шетел тілі, қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиет),техникалық ғылымдар және технологиялар (автоматтандыру және басқару, ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, математикалық және компьютерлік модельдеу), қызмет көрсету (әлеуметтік жұмыс), гуманитарлық ғылымдар (филология) мамандығы бойынша жоғары.

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат

кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі үш жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

6) ғылыми дәрежесі;

7) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес.

 

Ішкі конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың

көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

__________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны________________________________

__________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Қосылды: 
28.10.2019 - 17:28
Соңғы өзгерiстер: 
03.11.2019 - 17:29