«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы

«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс туралы хабарландыру

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-21-30, 56-49-21, 93-20-76, e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz, барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе облысының білім басқармасы» ММ қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, № 4-1.

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 126 383,13 теңгеден 170 545,99 теңгеге дейін.

Функционалдық міндеттері: Қосымша білім беру және тәрбие  жұмысы бөлімі мамандарының жұмысына жетекшілік етеді. Қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бойынша Әкімнің және облыстық әкімшілік актілерінің орындалуына бақылау жасайды. «Білім туралы» Заңның және 2011-2015 жылдардағы Қазақстан Республикасының білім саласын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен  тәрбие жұмысына қатысты аймақтық бағдарламаның жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Тәрбие  жұмысы саласындағы мемлекеттік саясатты және қосымша білім беру ісіндегі оқыту бағдарламаларының жүзеге асуын  қамтамасыз етеді. Қосымша білім беру мен тәрбие  жұмысын дамыту сұрақтары бойынша  прокуратура, ішкі істер департаменті мен  денсаулық сақтау, мәдениет басқармалары  және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлесе жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Білім беру ұйымдары мен  мемлекеттік қызмет аясында балаларды қосымша білім беру қызметімен қамтамасыз ететін  қосымша білім беру ұйымдарының, Ақтөбе қалалық  және аудандық білім беру бөлімдерінің  жұмысын үйлестіреді. Тәрбие жұмысы мен қосымша білім беруді дамытудың жоспары мен бағдарламасын  дайындайды және жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының  бекітілген   заңдары аясында  қосымша білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын  білім беру ұйымдарын қайта құру мен тарату туралы ұсыныстар жасайды. Оқушыларға тәрбие берудің кешенді бағдарламасының  орындалуы бойынша Ақтөбе қалалық және аудандық білім бөлімдерінің, білім беру  ұйымдарының  жұмысын  үйлестіреді. Облыстың білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасының жүзеге асырылуының мониторингісін жасайды. Қосымша білім беру ұйымдарының қызметін  және шығармашыл дарынды балалармен жұмыс жасауда облыстық оқу- әдістемелік орталығының  қызметін  үйлестіреді.Тәрбие жұмысын жақсарту мен қосымша білім беруді дамыту туралы өз ұсыныстарын жасайды. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау мемлекеттік  қызметі  көрсету  мониторинг өткізеді және регламент дайындайды. Педагог қызметкерлерді  аттестациядан өткізуге қатысады. Ата-аналар қоғамдық кеңесінің жұмысы бойынша білім беру ұйымдары мен Ақтөбе   қалалық және аудандық білім бөлімдерінің қызметін үйлестіреді. Облыстық мектептен тыс шаралардың дайындығы мен өткізілуін үйлестіреді. ҚР БҒМ –не тәрбие жұмысы мен қосымша білім беру жұмысын ұйымдастыру  бойынша статистикалық есеп береді.  Бөлім құзіреттілігіне қатысты сұрақтар бойынша анықтамалар мен аналитикалық  материалдар дайындайды.  Тамыз конференциясының материалдарын дайындауға қатысады. Бөлім жұмысына қатысты  жеке  және заңды тұлғалардың өтінішін қарайды. Қолданыстағы заңнама аясында басқарма басшысының орынбасарының өзге де тапсырмаларын орындайды. Өткізілген маңызды іс шаралар туралы ақпаратты, басқарманың сайтына белгіленген уақытында орналастыру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; Білім.

 

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ-сінде өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.

Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

«___»_______________ 20 __

Қосылды: 
20.01.2020 - 13:36
Соңғы өзгерiстер: 
22.01.2020 - 13:36