«Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ әкімшілік бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, № 02-3, 1 бірлік.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Ақтөбе облысының барлық жергілікті атқарушы органдарының және (немесе) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру.

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 93-21-30, 56-49-21, 93-20-76, e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz.

 

«Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ әкімшілік бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, № 02-3, 1 бірлік.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламент пен Үкіметтің, облыс әкімдігінің нормативтік-құқықтық актілерін (жарлық, қаулы, шешім, өкім) жүйелі есепке алу; басқарманың нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу, оларды рәсімдеу, келісу және әділет органына мемлекеттік тіркеуге ұсыну; құқықтық, ақпараттық кеңес беру тұрғысынан қамтамасыз ету; бөлімде қызметшілердің мемлекеттік тәртіппен еңбек тәртібінің қызметтік әдеп нормаларын сақталуын қадағалау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын орындау және есептерін тапсыру; қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарын, біліктілік талаптарын дайындау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен келісу; басшылықтың төрағалығымен өтетін жиналыстардың хаттамасын дайындау; құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің ақпараттық сервисімен жұмыс істеу.

Қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізу; әкім аппаратының мемлекеттік құпияларды қорғау қызметімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік құпияларға қолжетімділікті рәсімдеу және қайта рәсімдеуді ұйымдастыру; ішкі бұйрықтарды әзірлеу (тағайындау, босату, іссапар, еңбек демалыстары және т.б); басқарма қызметі туралы облыс әкімінің өкімдерін, қаулысын дайындау; құжаттарды жүргізу, істер номенклатурасын құру және оны одан әрі мұрағатпен келісу; жергілікті әскери басқару органдарына әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылардың есеп тапсыру, брондауды жүргізу.

Облыс әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметімен (кадр қызметі) өзара әрекеттесуді ұйымдастырады; (Е-қызмет) ықпалдастырылған

ақпараттық жүйесінің, мемлекеттік органның интранет-порталының (МОИП), кіруді бақылау және басқару жүйесінің (КБжБЖ/СКУД) жұмыстарын үйлестіру; тапсырмалардың орындалуын бақылау жүйесімен жұмыс жасау (СКИП) және олардың уақытылы орындалмау себептерін анықтап, орыналу жай-күйі туралы басшылықты хабардар ету; мемлекеттік қызметшілердің, еңбек келісім шарты бойынша қызмет ететін қызметкерлердің жеке іс құжаттарын рәсімдеу, еңбек кітапшаларына жазбалар енгізу.

Бөлім жұмысына қатысты мәселелер бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау; басқарма жұмысын жетілдіру бойынша дайындауға қатысу; өзінің құзыретіне қатысты басқа да сұрақтардың шешімдерін қабылдау; басқарма және басқарма басшылығының бөлім жұмысына қатысты мәселелер бойынша басқа да тапсырмаларын орындау; заңнамамен бекітілген басқа да құзыретті жүзеге асыру.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе әлемдік экономика немесе) немесе құқық (құқықтану)

білімі.

 

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар:

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 8–тармағының 3 бөлігіне сәйкес, осы мемлекеттік органның

мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа осы мемлекеттік органнан шығарылған адам ғана қатысуға құқылы.

 

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн «Ақтөбе облысының әкімі аппараты» ММ-сінде өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан

Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Қосылды: 
17.02.2020 - 18:08
Соңғы өзгерiстер: 
18.02.2020 - 18:08