«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ жобалық басқару және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, 1-бірлік (№ 6/3).

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132)932130, 564921, 932076, e-mail:e.kuntazin@aktobe.gov.kz барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

 

«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ жобалық басқару және стратегиялық жоспарлау бөлімінің бас маманы, D-O-4 санаты, 1-бірлік (№ 6/3).

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты - 108 306 теңгеден 146 177 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарын, Президент Жарлықтарын, Үкімет қаулылары мен өкімдерін, облыс әкімдігінің қаулыларын, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерін және басқа да құқықтық-нормативтік актілерді, сондай-ақ басқарма басшылығы және бөлім басшысы айқындайтын тапсырмаларды орындау. Жобалық басқару өңірлік штабының қызметін үйлестіру. Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мониторингі. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының болжамды параметрлеріне қол жеткізу мониторингі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру мониторингі. Жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, Ақтөбе облысының Аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу, бекіту және түзетулер енгізу. Жауапты мемлекеттік органдар ұсынатын іске асыру туралы есептер негізінде Ақтөбе облысының Аумақты дамыту бағдарламасының мониторингін жүргізу. Ақтөбе облысының Аумақты дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу, бекіту және түзетулер енгізу. Өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін мәселелер бойынша аудан және Ақтөбе қаласының әкімдіктерімен, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау. Жетекшілік ететін мәселелер бойынша анықтамалық және талдау ақпараты дайындау, сондай-ақ кеңестерге материалдарды ұсыну. Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың жазбаша және ауызша өтініштерін қарау. Бөлім құзіреті шегінде жұмыс барысында талап етілетін

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін және өзгеде заңнамаларын білу. Басқармаға заңды және жеке тұлғалардан түскен жолданымы мен арыздарына уақытылы жауаптар дайындайды, бақылайды. Мемлекеттік тілді білуі және Word, Excel, E-mail, Internet бағдарламалары бойынша компьютерде істеу білуі керек.Өзінің қызметтерін СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) қажеттіліктеріне сәйкес жүзеге асыру қажет. Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету қажет.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (экономика, менеджмент, маркетинг, есеп және аудит, қаржылық, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, әлемдік экономика)саласындағы білім;

 

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару;

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар: жұмыс тәжірибесі талап етілмейді

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

 

Объявление внутреннего ко

Қосылды: 
03.09.2019 - 07:56
Соңғы өзгерiстер: 
03.09.2019 - 07:56