«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқарудың бірынғай қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы, D-4 санаты, индексі №13-6, 1 бірлік (негізгі қызметкердің оқуда болуына байланысты демалысы кезеңіне, 2020 жылғы 1 маусымға дейін).

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының, басқармалардың мемлекеттік қызметшілері арасында уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

 

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132)932130, 564921, 932076, e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz, уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

 

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ персоналды басқарудың бірынғай қызметінің (кадр қызметінің) бас маманы, D-4 санаты, индексі №13-6, 1 бірлік (негізгі қызметкердің оқуда болуына байланысты демалысы кезеңіне, 2020 жылғы 1 маусымға дейін).

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 116 578 теңгеден 157 282 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметіке түсу, өткеру мен тоқтату рәсімдерін сақталуына бақылауды қамтамасыз ету, конкурстық іріктеуді, кәсіби бейімделу мен тәлімгерлікті, мемлекеттік қызметшілердің қызметіне бағалауды жүргізу, Конкурстық комиссиялардың қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс ұйымдастыруымен байланысты құжаттарды дайындайды. Облыс әкімі тағайындайтын басшы қызметкерлердің, облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің жеке істерін және еңбек кітапшаларын жүргізу, еңбек демалыстарын ресімдеу. Әкімшілік мемлекеттік лауазымға тағайындау және қызметтен босату, еңбек демалыстарына шығу туралы облыс әкімінің өкімдерін, облыс әкімі аппараты басшысының бұйрықтарын дайындайды. Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтауы бойынша бақылау жасайды, облыс әкімі тағайындайтын тұлғалардың міндетті арнайы тексеруден өтулерін ұымдастырады және бақылайды, заңмен белгіленген тәртіпте шектеулерді қабылдау келісімдерін жазбаша түрде белгілейді. Мемлекеттік қызметшілердің және жұбайларының салық органдарына табыстар және мүліктер туралы декларациясын уақытылы тапсырылуына бақылау жасайды. Статистикалық есептерді әзірлеу. Мемлекеттік қызметшілердің қайта даярлау, біліктілігін арттыру курстарынан өтулерін ұйымдастырау және қамтамасыз ету; Наградтау заңнамасының сақталуына бақылау

жасау, наградтаушыларды есепке алу, статистикалық есептерді әзірлеу, наградтау жөнінде материалдарды әзірлеу. Кадрлық мәселелерге қатысты бұйрықтардың, өкімдердің жобаларын әзірлейді, награда ісі мәселелері жөнінде мемлекеттік қызметшілерге кеңес беру; Көп балалы аналардың «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапаттау ұсыныстары жөнінде облыс әкімінің шешімінің жобаларын дайындайды және осы алқалармен марапатталғандардың тізімін жасайды. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларына ұсынылған көп балалы аналар мен олардың балаларының тізімін дайындап, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне электронды пошта арылы жібереді. Марапаттарды тапсыру рәсімі мен оған дайындығын, жергілікті жерлерде оның уақытында тапсырылуын қадағалайды.; Орден кітапшаларын, медальға куәліктерді толтырады, аудан мен кәсіпорындарға наградаларды жіберуді ұйымдастырады. Марапат істері бойынша азаматтардың арыздары мен хаттарын тексереді. Облыс әкімі аппараты басшылығымен және бөлім басшылығымен айқындалатын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру; Іс-қағаздар жүргізудің негіздерін білу; Нормативтік құжаттармен жұмыс тәжірибесінің болуы қажетті.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі мен мамандығы бойынша талаптар: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, құқық, гуманитарлық ғылымдар, білім, жаратылыстану ғылымдары, қызмет көрсету, техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы білім;

 

Қажетті құзыреттер бойынша талаптар: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) қызмет өтілі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

4) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға,

кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне Әбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

 

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

 

 

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __

Қосылды: 
03.09.2019 - 08:09
Соңғы өзгерiстер: 
03.09.2019 - 08:09