«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ ұйымдастыру және жоспарлау бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 02.01.2020 жылға дейін жүктілік және босануға байланысты демалыста болу мерзіміне), D-О-3 санаты, индексі № 2-1, 1 бірлік.

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

Ақтөбе облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға ішкі конкурс туралы хабарландыру

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40, анықтама үшін телефоны: 8(7132) 932130, 564921, 932076, e-mail: e.kuntazin@aktobe.gov.kz мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ ұйымдастыру және жоспарлау бөлімінің басшысы (уақытша, негізгі қызметкердің 02.01.2020 жылға дейін жүктілік және босануға байланысты демалыста болу мерзіміне), D-О-3 санаты, индексі № 2-1, 1 бірлік.

 

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 126 383,13 теңгеден 170 545,99 теңгеге дейін.

 

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жұмыс жоспарының орындалуын қадағалайды, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен басқармада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдеріне мониторинг жүргізуді тұрақты негізде үйлестіреді, басқармаға келіп түсетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық кесімдерінің жүйелендірілген есебін және олардың сақталуын ұйымдастырады, басқарманың норма жасау қызметін талдайды және талдау нәтижелері бойынша басқарма басшысына оны жетілдіру және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде ұсыныстар енгізеді, басқарма құжаттарының дайындалуын құқықтық жағынан қамтамасыз етеді, нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер еңгізеді,сотта сондай-ақ, басқа да ұйымдарда басқарма қызметінің құқықтық мәселелерін қарау кезінде белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның мүдделерін білдіреді, діни бірлестіктерде Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасының орындалуын тексеру рейдтеріне қатысады және осындай шаралардың құқықтық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттеріне сәйкес орындалатын жұмыстарды жүзеге асырады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің уақытында және тиісті дәрежеде қаралуын және өкілетті органға статистикалық есеп берілуін қадағалайды, басқармада Қазақстан Республикасының заңнамасын насихаттау, жалпыға бірдей

құқықтық оқытуды ұйымдастырады, басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге бағытталған шаралар жоспарының орындалуын жүзеге асырады, басқарманың бюджеттік өтінімінің жасақталуын қадағалайды, басқарманың қаржылық-шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге асырады, Облыс әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірінғай қызметімен (кадр қызметі) өзара әрекеттесуді ұйымдастырады, «Е-Қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің, Мемлекеттік органның интранет порталының (МОИП), кіруді бақылау және басқару жүйесінің (КБжБЖ/СКУД) жұмыстарын үйлестіруге жауапты болады, Мемлекеттік қызметшілердің, еңбек келісім шарты бойынша қызмет ететін қызметкерлердің жеке іс-қағаздарын, еңбек кітапшаларын жүргізеді, Қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді, Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік құпияларды қорғау қызметімен бірлесіп мемлкеттік қызметшілердің мемлекеттік құпияларға қол жетімділікті рәсімдеуді ұйымдастырады, Ішкі бұйрықтарды әзірлейді (тағайындау, босату, іссапар, еңбек демалыстары және т.б.),«Өңірдің діни ахуал картасы» ақпараттық жүйесі бойынша жұмыстардын тұрақты жұмыс жасауын қадағалайды, білім ордаларында, елді мекендерде азаматтардың дiни сенiм бостандығына құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк саясат мәселелерi бойынша діни ақпараттық-түсіндіру топтарымен облыс көлемінде ағарту жұмыстарын жүргiзілуін қадағалайды, мемлекеттік ақпараттық саясаттың бұқаралық ақпараттар құралдары арқылы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасының насихатталуын қадағалайды.

 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі бойынша талаптар:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (саясаттану, мемлекеттік және жергілікті басқару, экономика, қаржы, есеп және аудит), гуманитарлық ғылымдар (шығыстану, теология, тарих, дінтану), білім (тарих), Құқық (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі).

 

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

 

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының

немесе Қарулы Күштер әскери басқару органының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің болуы.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттар конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан күннен кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ өтеді.

Бұл ретте, әңгімелесуге жіберілген кандидаттар конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде және әңгімелесу өткізуге дейін бір жұмыс күннен кешіктірмей әңгімелесу өткізу күні туралы хабарланады.Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекенжайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін,Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінеӘбілқайыр хан даңғылы 40 (анықтама телефоны: 54-56-57) мекен-жайы бойынша, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күнненкешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан

__________________________

(мемлекеттік орган)

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________

_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын. Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________

____________________________________________________________________

________ ____________________________________

(қолы) (Тегі, аты, әкесініңаты (болғанжағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж

Қосылды: 
10.09.2019 - 08:44
Соңғы өзгерiстер: 
16.09.2019 - 08:45