Жаңалықтар

17 Мамыр 2019

Бейсенбі, 16- мамыр күні облыс әкімі Оңдасын Оразалин ҚР Денсаулық сақтау министрлігі  Қоғамдық денсаулық сақтау орталығының  жұқпалы аурулармен күресу департаментінің директоры Бекенов  Жұмабек  Елтекұлын қабылдады. Жиынға Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов пен облыстық денсаулық  сақтау, білім, кәсіпкерлік, жастар ісі жөніндегі бірқатар басқарма басшылары қатысты.

17 Мамыр 2019

Бейсенбі, 16-мамыр күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин «Аман Мұнай» ЖШС компаниясының  өкілдерін қабылдады.

14 Мамыр 2019

Сейсенбі, 14 мамыр күні өткен аппарат жиынында облыс әкімі Оңдасын Оразалин екі басқарманың жаңа басшыларын таныстырды.

12 Мамыр 2019

 8 мамыр, сәрсенбі  күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин ҰОС ардагерлерін құттықтады. 

12 Мамыр 2019

11 мамыр, сенбі күні алғаш рет Ақтөбе шаһарында Жастар жылы мен Ақтөбе қаласының 150 жылдық мерейтойына арналған жеңіл атлетикадан «AQTÓBE RUN - 2019» ашық республикалық марафоны өткізілді.

09 Мамыр 2019

Ұлы Жеңістің 74 жылдық мерекесіне орай облыс әкімі Оңдасын Оразалин бірқатар тарихи ескерткіш басына барып, гүлшоқтарын қойды.

08 Мамыр 2019

 8 мамыр, сәрсенбі күні  облыс басшысы  Оңдасын Оразалин  15 азаматқа «Облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі» куәлігін табыстады. Әрбір ауданнан  бір-бір азамат және  Ақтөбе қаласынан  үш өкіл облыс әкімінің қоғамдық көмекшісі  болып бекітілді.

07 Мамыр 2019

7 мамыр, сейсенбі күні  Ақтөбе қаласында  ҚР Отан қорғаушылар күніне  арналған мерекелік  жиын өтті. «Ел айбыны» тақырыбында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин арнайы  қатысып, бұқараны атаулы мерекемен құттықтады. 

07 Мамыр 2019

 7-мамыр күні Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мәртөк ауданына барған жұмыс сапарында аудан активі мен тұрғындарға жаңа әкімді таныстырды. Аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен бұл қызметке Ермек Кенжеханулы тағайындалды.

06 Мамыр 2019

Ақтөбеде жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Аязбай Османғалиев жұмыстан босатылды. Бұдан басқа, құрылыс саласына жетекшілік ететін облыс әкімінің  орынбасары Серік Төленбергенов пен қала әкімінің орынбасары Ыбрайым Көзбаев та жұмыс орындарын босатады.