Жаңалықтар

21 қараша 2016

Ақтөбе облысында ата-анасыз балаларды, мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге арналған қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Мерекелік шарада Ақтөбе қаласы мен барлық аудандарының 1000-нан астам тұрғыны қамтылды.

16 қараша 2016

16 қараша күні Ақтөбе облысының Хромтау ауданына «Тәуелсіз Қазақстан» поезы келді. Поездың құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, медицина және әлеуметтік сала қызметкерлері және басқа да мамандар бар. Олар жергілікті тұрғындарға медициналық және консультативтік қызмет көрсетеді.

14 қараша 2016

Ақтөбеде ұлттық валюта және қаржы саласының қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті.

08 қараша 2016

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста мемлекеттік және үкіметтік бағдарларды, соның ішінде «Нұрлы жол», «ЖЖК-2020» бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

08 қараша 2016

Ақтөбеде өңірдегі «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасын жалғастыратын жергілікті мамандардан құралған жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен кеңейтілген жиналыста аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев хабарлады.

07 қараша 2016

Аймақтағы денсаулық сақтауды 2016 жылы дамыту мәселелері өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен өткен кеңесте талқыланды. Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығы хабарлады.

07 қараша 2016

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, азық-түліктің  ішкі саудасын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық ауылшаруашылығын өндірушілердің белсенділігін қолдауға арналған басым бағыттарды анықтады.

01 қараша 2016

Облыстың тұрақтандыру қорына азық-түлік және көкөністерді салу барысы өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста қаралды.

01 қараша 2016

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев республикалық маңызы бар жолдардың қысқы маусымға дайындығын тексерді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аймақ басшысы Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылындағы «Маяк» кемпингінің автотұрағына барып, осы жердегі қар тазалайтын техникалардың мүмкіндігін қарап шықты.

31 қазан 2016

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тиісті кәсіпорындардың алдағы қысқы маусымда көше тазарту жұмыстарына дайындығын тексерді. Бұл туралы облыс әкмінің баспасөз қызметі хабарлайды.