Жаңалықтар

25 Сәуiр 2017

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мәслихатында Асқар Жүсібәлиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазіргі таңда ауданда ауыл шаруашылық саласында 3 ЖШС, 11 ауыл шаруашылығын өндіру кооперативі мен 273 шаруа қожалығы жұмыс жасайды.

25 Сәуiр 2017

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста дәрілік заттар мен халық тұтынатын тауарлардың бағаларын белгілеудегі өзекті мәселелер талқыланды.

Жиынды ашқан облыс әкімі азық-түлік пен дәрілік заттар бағасының негізсіз және заңсыз көтерілуіне жол бермеудің нақты шараларын қолдануды талап етті.

25 Сәуiр 2017

Шекаралас ынтымақтастық тарихында алғаш рет Орынборда Ақтөбе облысының күндері аясында дөңгелек үстелдер, кітап көрмесі, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрдың қазақ труппасының спектакльдері ұйымдастырылады.

25 Сәуiр 2017

Аймақтағы жергілікті атқарушы органдар уақыт талабына сай тиімді қимыл танытып келеді. Облыстың аудандары мен Ақтөбе қаласының әкімшіліктері, сондай-ақ басқармалар әлеуметтік желілерде жұмыс істей бастады.

24 Сәуiр 2017

Қаланы көріктендіретін гүл бақтары мен саяжолдар жасыл желекті толықтырып, қалалықтардың демалыс орындарына айналады деп күтілуде. Осы шараны облыстық басқармалар, аумақтық департаменттер, сондай-ақ, ірі мекемелер мен кәсіпорындар өз күшімен іске асыруда.

22 Сәуiр 2017

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың және аудан әкімдері, басқарма басшыларының, өңірдегі ірі кәсіпорындар басшыларының қатысуымен өткен кеңейтілген жиналыста 2017 жылдың бірінші тоқсанына дейін атқарылған өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша жұмыстар қорытындыланды.

22 Сәуiр 2017

Ақтөбе облысы бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Қайрат Отаров өңір басшысы алдында «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» жүзеге асырылу барысы туралы есеп берді.

21 Сәуiр 2017

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығына «Қазсушар» РМК Ақтөбедегі бөлімшесінің директоры Бекзат Наметов мәлімдеді.

Оның айтуынша қазіргі таңда екі ірі Ақтөбе және Қарғалы су қоймалары тасқын сулардың құйылуы тоқтауына байланысты пайдаланудың қалыпты тәртібіне көшкен.

20 Сәуiр 2017

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге Ақтөбе облысы әкімінің аппараты да қол ұшын беріп, өңір тұрғындарына көмек көрсету қорына бір күндік еңбекақыларын аударды деп хабарлайы облыс әкімінің баспасөз қызметі.

19 Сәуiр 2017

Ақтөбе облысы бойынша төтенше жағдайды ескерту және болдырмау бойынша облыстық комиссияның отырысы кезінде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев көктемгі су тасқынының нәтижесінде зардап шеккендерге көмек көрсеткен еріктілерге алғыс сезімін білдірді.