Жаңалықтар

07 қараша 2016

Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев қазіргі заманғы технологияларды пайдалана отырып, азық-түліктің  ішкі саудасын дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және отандық ауылшаруашылығын өндірушілердің белсенділігін қолдауға арналған басым бағыттарды анықтады.

01 қараша 2016

Облыстың тұрақтандыру қорына азық-түлік және көкөністерді салу барысы өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста қаралды.

01 қараша 2016

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев республикалық маңызы бар жолдардың қысқы маусымға дайындығын тексерді. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Аймақ басшысы Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылындағы «Маяк» кемпингінің автотұрағына барып, осы жердегі қар тазалайтын техникалардың мүмкіндігін қарап шықты.

31 қазан 2016

Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев тиісті кәсіпорындардың алдағы қысқы маусымда көше тазарту жұмыстарына дайындығын тексерді. Бұл туралы облыс әкмінің баспасөз қызметі хабарлайды.

31 қазан 2016

ИБРАШОВ Мәлімбет Ерғалиұлы

1970 жылы дүниеге келген. «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша Алматы статистика және экономика институтын, «құрылыс бакалавры» мамандығы бойынша Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін және «менеджмент» мамандығы бойынша халықаралық бизнес Академиясын бітірді.

26 қазан 2016

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен тексеру комиссиясының қызметі, сондай-ақ, жаңа құрылысқа ЖСҚ мемлекеттік сараптамасын жасау мәселелері бойынша жиын өтті.

26 қазан 2016

Өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың тапсырмасымен Ақтөбе облысында жол жамылғысын жөндеу кезіндегі технологиялық нормалар мен ережелерді сақтау тексерілуде.

24 қазан 2016

Ақтөбе ипподромында 15- 22 қазан аралығында өткізілген шараға республикадағы 9 облыстан 150-ге тарта шабандоздар келді. Шараға қатысушылар сондай-ақ, жамбы ату, теңге ілу, көкпар, аламан және тоқ бәйге және т.б. ойындардан сынға түсті.

24 қазан 2016

Алдағы жылы Ақтөбе қаласында бірнеше әлеуметтік нысандар пайдалануға беріледі. Атап айтқанда мемлекеттік жеке әріптестік аясында 10 нысанның құрлысы жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

19 қазан 2016

Ақтөбеде Қазақстан халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері, Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевті еске алуға арналған бірқатар шаралар өтуде.