Жаңалықтар

06 қыркүйек 2017

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиналыста мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу және тұрақтандыру бойынша тапсырмасынының орындалу мәселелері қаралды.

06 қыркүйек 2017

Ақтөбе облысының әкімдігінде энергетика вице-министрі Әсет Мағауов, «KAZENERGY» ассоциациясы төрағасының орынбасары Ұзақбай Қарабалин, жергілікті атқарушы және аумақтық органдардың басшылары мен өңірдегі жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қатысуымен өткен жиналыста келісімшарттық міндеттердің мемлекет басшысының тапсырмасы аясында орындалуы қаралды.

04 қыркүйек 2017

1 қыркүйек, жұма күні Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Алға ауданында болып, Есет батыр монументінің құрылыс барысымен танысты.

04 қыркүйек 2017

Жұмыс сапарымен Хромтау ауданында болған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев астық жинау, 2018 жылға тұқым дайындау барысымен танысып, жергілікті ауылшаруашылығын қалыптастырудың басшыларымен кездесті.

31 Тамыз 2017

Ақтөбеде 30 тамыз, сәрсенбіде болашақ ядролық медицина орталығының іргетасын қалау рәсімі өтті.

31 Тамыз 2017

Бүгін Ақтөбе қаласының Әбілхайыр хан даңғылында Конституция күніне арналған ауқымды шеру өтті.

Түрлі кәсіп иелерінен жиналған 12 мыңнан аса ақтөбелік орталық стадион алаңынан бастап облыс әкімдігіне дейін жүріп өтті. Мұнда шеруге қатысушылар Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен ашылған салтанатты шараға қосылды.

31 Тамыз 2017

Конституция күнінде Ақтөбе қаласындағы Болашақ шағын ауданында жаңа «Made in Aktobe» гүл бағы ашылды. Гүл бағының ашылу салтанатына шағын аудан тұрғындары мен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

31 Тамыз 2017

29 тамыз, сейсенбіде Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев "Қазақстандағы ҚҰМГК интернационал" ЖШС (CNPC)  бас директоры Биан Дыжымен кездесті.

30 Тамыз 2017

Құрметті ақтөбеліктер! 

Еліміздің ең басты мерекелерінің бірі — Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

29 Тамыз 2017

ҚР Конституциясы  күні қарсаңында Ақтөбеде жаңа перспективті «Батыс-2» шағын ауданында орналасқан көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.

Жуырда 40 отбасы  əдемі заманауи əрленген, соның ішінде тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесіне қатысып, сатып алған жаңа пəтерлерге көшетін болады.