Жаңалықтар

01 Маусым 2017

Ақтөбеде халықаралық балаларды қорғау күнінде көптен күткен мұз айдыны ашылды. Хоккей жаттығу спорт кешенінің салынуы Президенттің «Туған жер» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр. Бұл өңірдегі тәуелсіздік жылдарында тұрғызылған қысқы спорт түрлерін дамытуға арналған алғашқы спорттық ғимарат.

01 Маусым 2017

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыстағы ішкі істер департаменті және жергілікті полиция қызметі жұмысы мәселелері бойынша кеңес өткізді. Оған прокуратура, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік қызметі, облыстық сот басшылары, т.б. қатысты.

29 Мамыр 2017

Ақтөбе жыл сайын құлпырып, көз тартар көрікті жерлері көбейе түсуде. Бұған дейін қалада 21 саябақ болса, олардың қатарын тағы 34 шағын саябақ толықтыратын болады. Мұндағы кейбір пайдаланылмай тұрған жерлер енді тұрғындардың демалыс орындарына айналмақ.

29 Мамыр 2017

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев облыс тұрғындары мен қонақтарын мереке күндері қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мәселеелріне  қатысты жиналыс өткізді.

Бұдан бұрын өңір басшысы Астана қаласында өткен «Рухани жаңару» қоғам санасын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ҚР президенті жанындағы  ұлттық комиссияның отырысына қатысқан болатын.

29 Мамыр 2017

2017 жылы 26 мамырда Ақтөбе облысының Қарғалы ауданында  «Нұр Отан» партиясы ғимаратында Ақтөбе облысының әкімі аппаратының мемлекеттік – құқықтық жұмыстары бөлімінің басшысы, әдеп жөніндегі уәкілі Ғ.Қ.Сейлов,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің бас мамандары Л.А.Қосаева, С.Ж.

25 Мамыр 2017

Бүгін Ақтөбе облысындағы мектептерде оқу жылының аяқталуына байланысты салтанатты жиындар өтуде.

20 Мамыр 2017

Өңірге келген делегация құрамында, сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері де болды, олар Комитеттің көшпелі отырысына қатысып, терроризм мен діни экстримизмнің алдын- алу және ескертуді күшейту мәселелері, сонымен қатар, осы саладағы заңнамаларды жетілдіру шараларын талқылаған болатын.

20 Мамыр 2017

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша пилоттық жобамен жүзеге асырылып жатқан «Нұр Ақтөбе» тұрғын алабында болды.

19 Мамыр 2017

Ақтөбеде ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматуллин жұмыс сапарымен болды. Бүгін оның қатысуымен Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің көшпелі отырысы өтіп, терроризм мен діни экстримизмнің алдын алу және ескертуді күшейту мәселелері, сонымен қатар, осы саладағы заңнамаларды жетілдіру шаралары талқыланды.

17 Мамыр 2017

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен облыс әкімдігінде өткен жиында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қабатты несиелік тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асыруға арналған пилоттық жоба қаралды.

Жиынға облыс әкімінің орынбасарлары, мемлекеттік мекеме басшылары, жобаны жүзеге асыратын мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты.