Жаңалықтар

01 Желтоқсан 2016

Ақтөбе жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Жуырда 25 отбасы «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Бәйтерек» ҰБХ еншілес ұйымының Қазақстандық ипотекалық компаниясы арқылы қол жеткізген әдемі әрленген жаңа пәтерлеріне қоныстанатын болады.

28 қараша 2016

Аймақ басшысы Ресей Федерациясының Орынбор қаласында 24-25 қарашада өткен «Орынбор — Еуразияның жүрегі» VI халықаралық форумы барысында осындай ұсыныс айтты. Форумға Қазақстан, Армения, Қырғызстан, Беларусь, Тәжікістан, Өзбекстан және басқа елдерден делегациялар қатысты.

27 қараша 2016

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев сенбі күні бірқатар нысандарды аралады.

27 қараша 2016

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сенбі күні қаладағы бірқатар нысандарды аралады. Соның бірі 12 ықшам ауданындағы айналма жолдың бойындағы «Қызғалдақ» стелласының құрылыс жұмыстарымен танысты. Стелланың биікті – 25 метр, гүл өзегінің диаметрі – 1,4 метр, жалпы фундаментінің салмағы - 215,4 тонна, ал конструкция - 17 тонна.

26 қараша 2016

Өңір басшысы Орынбор қаласында өтіп жатқан «Орынбор-Еуразия жүрегі» атты VI Халықаралық форумына қатысты.

Алтыншы рет өткізіліп отырған халықаралық форум Еуразиялық интеграция және әлеуметтік-экономикалық даму әлеуетін талқылау үшін тиімді алаңға айналды. Шара 24 қараша күні Ресей Федерациясының Орынбор қаласында өтті.

26 қараша 2016

Ақтөбе облысы әкімі Бердібек Сапарбаев Орынбор қаласында өтіп жатқан «Орынбор-Еуразия жүрегі» атты VI Халықаралық форумына қатысты.

24 қараша 2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Ақтөбе қаласында «Жастар балы» өтті.

Салтанатты шараға облыс басшысы Бердібек Сапарбаев, мекеме басшылары, музыкант, скрипкашы Марат Бисенғалиев, қазақ эстрадасының жұлдыздары тележүргізушілер мен студент жастар қатысты.

24 қараша 2016

Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында «Жастар сарайы» ғимаратында Халықаралық байқаулардың лауреаты — ағайынды Жүгінісовтер тұңғыш рет «Шын жүректен» атты қайырымдылық ән кешін өткізді.

Кештің негізгі мақсаты — мүмкіндігі шектеулі жандарға, жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсету.

22 қараша 2016

Ақтөбе облысы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын ауқымды түрде мерекелеуді жалғастыруда.

Бүгін Ақтөбе қаласында «Нұр Отан» Партиясы АОФ ғимаратында «Ұлы дала елі Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 тақырыптық күннің салатанатты ашылуы өтті.

21 қараша 2016

Ақтөбе облысында ата-анасыз балаларды, мүмкіндігі шектеулі жандар мен аз қамтылған отбасылардың әлеуметтік мәселелерін шешуге қолдау көрсетуге арналған қайырымдылық акциясы жалғасын табуда. Мерекелік шарада Ақтөбе қаласы мен барлық аудандарының 1000-нан астам тұрғыны қамтылды.