Виртуалдық қабылдау бөлмесі

Қадірменді жерлестер! Құрметті сайт қонақтары!

Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың көмегімен, оның ішінде ғаламтордағы виртуалдық қабылдау бөлмесі негізінде тікелей қарым-қатынас орнату арқылы көптеген көкейкесті мәселелерді дер кезінде шешуге болады.

Сондықтан сіздерді толғандырып жүрген кез келген мәселе бойынша ұсыныс-пікірлеріңізді, облысымызды одан әрі өркендете түсу бағытындағы тың ойларыңызды тыңдауға, батыл бастамаларыңызды қолдауға мен әрдайым дайынмын

Виртуалдық қабылдау бөлмесіне келіп түскен әрбір хат жауапсыз қалмайды. Олардың әрқайсысына жан-жақты жауап беріліп, қажет болған жағдайда тиісті шешімдер қабылданатын болады

Құрметпен, Оңдасын Оразалин

Қосылды: 
23.12.2019 - 04:37
Соңғы өзгерiстер: 
28.05.2020 - 10:44