Әкімнің орынбасары

Токжанов Марат Лукпанович

Лауазымдық міндеттер:

1. Мәселелері:

1) денсаулық сақтау;

2) білім, соның ішінде кадрларды дайындайтын  жоғары, техникалық және  кәсіби білім оқу орындары, кәсіпорындар және мекемелері;

3) ғылым;

4) мәдениет, өнер, мұрағаттар және құжаттама;

5) ішкі саясат;

6) мемлекеттік ақпарат саясатын іске асыру;

7) мемлекеттік тілдер саясатын іске асыру;

8) ұлттық және жастар саясатын іске асыру;

9) отбасы және гендерлік саясат;

10) кәмелетке толмағандардың және олардың құқықтарын қорғау;

11) көші-қон және демографиялық саясатты іске асыру;

12) әлеуметтік-саяси процестерді және ұлтаралық қарым-қатынасты зерттеу және болжау;

13) әлеуметтік қайшылықтың алдын алу және жою үшін механизмдерін қалыптастыру;

14) саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, бұқаралық ақпарат құралдармен, жастар мекемелермен, діни конфессиялармен,  шығармашылық 

одақтармен, этно–мәдени орталықтармен, Қазақстан халқының Ассамблеясымен, ардагерлер және кәсіподақ ұйымдарымен жұмыстарды үйлестіру;

15) қоғамдық – саяси іс - шараларды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік органдардың  қызметі;

16) геральдика, мемлекеттік рәміздер, ономастика;

17) қылмыспен, нашақорлықпен; адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес, сыбайлас жемқорлықпен күрес;

18) діни экстремизмнің, терроризм мен экстремизм көріністерінің алдын алу және тойтару;

19) дене шынықтыру және спорт;

20) әскери қызметке шақыру;

21) халықты әлеуметтік қорғау;

22) жетекшілік ететін бағыттар бойынша жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтер көрсету сапасы.

2. Мына облыстық:

1) ішкі саясат;

2) жастар саясаты мәселелері;

3) білім;

4) денсаулық сақтау;

5) мәдениет, архивтер және құжаттама;

6) тілдерді дамыту жөніндегі;

7) дін істері жөніндегі;

8) жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар;

9) дене шынықтыру және спорт басқармаларының жұмыстарына жетекшілік етеді.

3. Оған жүктелген міндеттерді орындау мақсатында мыналармен:

1) Президент Әкімшілігімен және Премьер – Министрдің Кеңсесімен;

2) тиісті орталық атқарушы органдар және олардың аумақтық бөлімшелерімен;

3) Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон; қоғамдық денсаулықты қорғау; әділет; фармация; қорғаныс істері жөніндегі; білім саласындағы бақылау департаменттерімен;

4) ғылыми орталықтармен, жоғары оқу орындарымен, мемлекеттік емес ұйымдармен, саяси партиялармен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды.

4. Басқаратын:

  Комиссиялары:

- ономастика;

- «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының жеңімпаздарын айқындау;

- тарихи-мәдени мұраларды қорғау;

- тілдердің қолданылуы мен дамуы;

- кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау;

- адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері;

- коммуналдық меншік нысанын сенімгерлікке беру (әлеуметтік бағыт);

- әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат;

- облыстық әскери қызметке шақыруды қамтамасыз ету;

- ұзақ уақыт ішінде өз шешімін таппаған азаматтардың шағымдарын қарау бойынша келісім комиссиясы;

- жұмыспен қамту мәселелері;

- әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу;

- жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру жөніндегі;

- қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру;

- қоғам тәртібін сақтауға атсалысып жүрген азаматтарды марапаттау бойынша қызметін үйлестіру жөніндегі;

- облыстық эвакуациялық комиссиясы.

Кеңестері:

- мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту мәселелері;

- тұрғындардың денсаулығын сақтау;

- онкологиялық ауруларды, өткір инсульттарды басқару; босандыру және балалар қызметі; жарақаттар алу және өткір миокард инфаркты кезінде медициналық көмек көрсету бойынша 2016-2019 жылдарға арналған ықпалдастырылған моделін енгізу жөніндегі;

- ҮЕҰ; БАҚ өзара іс-қимыл жөніндегі;

- «Ақтөбе» облыстық футбол клубы» АҚ директорлар кеңесі;

- мүгедектер істері жөніндегі.

Қосылды: 
11.02.2016 - 07:14
Соңғы өзгерiстер: 
26.08.2019 - 06:58