Ақтөбе облысы қазіргі уақыттағы шекарасы бойынша 1932 жылдың 10 наурызында құрылған. Ақтөбе облысының аумағы 300,6 мың км2құрайды (Қазақтан Республикасы аумағының 11%, аумағы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында). Аймақ Қазақстан Республикасының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан:
батысында – Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау облыстарымен;
шығысында – Қостанай,Қарағанды, Қызылорда облыстарымен;
солтүстігінде – Ресей Федерациясының Орынбор облысымен;
оңтүстігінде – Өзбекстан Республикасының Қарақалпақстан автономиясымен шекараласады.
Облыс орталығы – Ақтөбе қ., Астана қ. дейінгі арақашықтығы - 1 678 км. Әкімшілік-аумақтық бөлінісі бойынша облыс 12 ауданнан, 142 ауылдық (селолық) округтан құралады.
Қосылды:
05.04.2016 - 17:59
Соңғы өзгерiстер:
22.08.2016 - 12:21