«Туған жер» форумының қатысушыларына Ақтөбе облысының мемлекеттік-жеке серіктестік жобалары таныстырылды

Ақтөбеде «Туған жер» республикасының қатысушылары - вице-министрлер, облыс әкімдерінің орынбасарлары, алыс-жақын шет елдерден келген қонақтар мемлекет басшысының мемлекеттік-жеке серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту бойынша тапсырмаларының жүзеге асырылу барысымен танысты.

Өңірде мемлекеттік-жеке серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі механизмдері арқылы 125 жоба жүзеге асырылуда. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 50 млрд. теңгені құрайды.

Жуырда іске қосылатын мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларының қатарында балалар мен ересектерге жоғары мамандандырылған көмек көрсетін «Дару жарығы» офтольмологиялық орталығы бар. Жоба құны - 3,2 млрд. теңге.

Сондай-ақ, жалпы құны 2 млрд. теңге болатын Неке қию сарайы мен тарихи-өлкетану мұражайының жаңа ғимаратын тұрғызу мен жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын.

Айта кетейік, өңірдегі кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында Ақтөбеде мұражай саны артты. «Аналарға тағзым» мұражай үйі барлық қазақстандық аналарға тарту ретінде салынбақ. Мұражай кешенінің алдына Ұлы Отан соғысының батыр әйелдері Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспановаға арнап ескерткіш орнатылады.

Президенттің «Туған жер» жобасының  іс жүзінде жүзеге асырылуы болып табылатын көптен күткен Хоккей модулінің ашылуы өткен жазда болды. Бұл - қысқы спорт түрлерін дамыту үшін тәуелсіздік жылдарында салынған өңірдегі алғашқы спорт құрылысы. Жаттығу кешенінде тек хоккейшілерді ғана емес, сонымен қатар, мәнерлеп сырғанау мен шорт-тректің болашақ чемпиондарын даярлайды. Айта кетейік, мұнда орнатылған хоккей қорабы жоғары халықаралық стандарттарға сай және спортпен кәсіби тұрғыда айналысуға арналған. Кешен құны құрылысты, құрал-жабдықтармен жарақтандыруды және абаттандыруды есептегенде 544 млн-нан астам теңгені құрады.

Сондай-ақ, форум қонақтары «Мейірім» әлеуметтік бейімдеу орталығында тұратын  балалар үйінің түлектері мен ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың жағдайымен таныстырылды. Бүгінде Қазақстанда баламасы жоқ кешенде 16-29 жас аралығындағы тоқсанға тарта жас тұрады. Аумағы үш гектар болатын жер телімінде алаңы 43 шаршы метрлік, жаңа жиhаздармен және қажетті коммуникациялармен жарақтанған жайлы пәтерлері бар екі қабатты төрт таунхаус салынған. Тәрбиеленушілер кешен аумағында орналасқан оқу-өндірістік алаңдар, шаштараз, гүл дүкені, жылыжай, аяқ киім жөндеу цехы мен тігін цехы жанынан кәсіпке даярланып, еңбек тәжірибесінен өтеді және жалақысын ала отырып еңбектене алады. Жобаның инвесторы – оның жүзеге асырылуына 1,4 млрд. теңге бөлген «Сәби» жеке меншік қайырымдылық қоры болып табылады.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі