«Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» ақтөбелік тауар өндірушілермен ынтымақтастыққа мүдделік танытып отыр

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының бас директоры Ренато Маролимен кездесті.

Белгілі болғандай, Қарашығанақ кен орны 1979 жылы ашылған, аумағы - 280 шаршы метр болғандықтан әлемдегі ірі кен орындарының бірі болып табылады. Жалпы бағалау қоры 24 млрд. конденсат баррелі мен 16 трлн. текше фут газды құрайды. Бірлестіктің жергілікті мазмұндағы үлесі 52% немесе $530 млн.долларды құрайды, бұл отандық тауар өндірушілер үшін аз мүмкіндік емес. Аталмыш кездесу ірі бірлестік пен ақтөбелік кәсіпорындар арасындағы өзара серіктестікті жақсарту, ҚПО кәсіпорнында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуда жергілікті қамтуды дамыту мақсатында ұйымдастырылды.

Мемлекет басшысы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында отандық тауар өндірушілерді қолдауға, өңіраралық кооперация мен қазақстандық мазмұнды дамытуға баса назар аударады. Бүгінде облысымыздағы 24 компания ҚПО-ның мердігерлері болып табылады. Олардың ішінде жергілікті тауар өндірушілер - өртке қарсы құрал-жабдықтар шығаратын «АЗПО» ЖШС, «Өмірбек» ЖШС, қалған 22 компания сырттан келген тауарларды жетізеді, Ақтөбе мұнай және газ колледжі еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздікке оқыту бойынша қызметтер көрсетеді және т.б. ҚПО 2017 жылы 665 млрд. теңгеге тауар мен қызметтерді сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл, әрине, біздің тауар өндірушілеріміз үшін жақсы мүмкіндік,-деді Бердібек Сапарбаев.

Кездесу барысында мейманға ҚПО-мен жұмыс жасауға дайын облыстағы 50 мұнай сервистік компаниялардың қызметтеріне қатысты ақпарат берілді. Бұған қоса, тағы бірнеше бағыт бойынша ынтымақтастық жасалуы мүмкін. Атап айтқанда, жергілікті кәсіпорындар «Қарашығанақ барлау және Петролеум Оперейтингке» сапалы құрылыс материалдарын, құбырлар, теміржол рельстері мен фасондық прокат, мұнай ұңғымаларының химиялық реагенттері, болат құрылымдар, жоғары сапалы ауыл шаруашылық өнімді жеткізіп, барлау және бұрғылау қызметтерінің кең таңдауын көрсете алады.

- Біз сіздің өңірмен ынтымақтасты күшейте отыра жергілікті өндірісті дамыту үшін жан-жақты қолдау көрсетуге әзірміз. Қазіргі таңда біздің тізілімде 150 компания тіркелген. Біз солардың санын арттыруға келдік. Болашақта, оларды ұзақ мерзімді жобаларды жүзеге асыруға тартып, инновациялық технологияларды пайдаланатын бірлескен кәсіпорындар

құруға дайынбыз,-деді «Karachaganak Petroleum Operating B.V.» бас директоры Реното Мароли мырза өз кезегінде.

Бірлестік өкілдері облыстағы бірнеше кәсіпорынның қызметімен танысып, ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізуді жоспарлауда.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі