"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының облыстық филиалы ашылды

You are here

Ел үкіметі әлеуметтік саланы дамытуды әрқашан мемлекеттік саясаттың ең жоғарғы бағыттары деп санайды. Уақыт талабына сай "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы құрылды. Бүгін Ақтөбеде, корпорацияның еліміз бойынша бірінші болып облыстық филиалы ашылды.  Ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты.

11 сәуірден жұмысын бастаған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы төрт ұйымның  яғни халыққа қызмет көрсету орталығы, жылжымайтын мүлік, жер кадастры және Зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтың бірігуі арқылы құрылды. Бұл жоба "100 нақыт қадам - ұлт жоспарында" көрсетілген талаптарға жауап береді. Бүгін ақтөбеде, республикадағы алғашқы мекеме халыққа қызмет көрсетті. Жаңа ғимараттың ашылу салтанатында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев халық үшін қаншалықты маңызды екендігіне тоқталды.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Үш қабатты ғимарат заманауи құралдармен жабдықталған. Орталық бір мезетте 530 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Алдағы уақытта бұл 709-ға дейін өспек. Мемлекеттік қызметтің барлық түрлері "Бір терезе" қағидасы бойынша жүзеге асады. Мұнда 16 жастағы жасөспірімнен бастап, өз ісін дөңгелетемін деген ірі бизнес өкілері, барлық облыс тұрғындары қажетті құжаттарын алу мүмкіндігіне ие. 

БІРЖАН ЖҮНІСОВ, "АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ" МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫ ДИРЕКЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Корпорация жұмысы басталған күннен бері, бір ай ішінде облыстың 102 мыңнан аса тұрғынына  қызмет көрсетілген. Орталыққа күніне орта есеппен 500-дей ақтөбелік келсе, оның 350-ден астамы әлеуметтік көмекпен және зейнетақымен қамтамасыз ету сұрақтары бойынша кеңес алған. Мұнда келгендер бұрын Әлия Молдағұлова даңғылы бойында болған ескі ғимараттың алдында қысы-жазы ұзын-сонар кезекте тұратындарын айтып, барлық талапқа сай жаңа ғимараттың ашылғандығына қуанышты екендіктерін білдірді.

АҚЖАРҚЫН ҚАСЕНОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

ҚҰБАЙДОЛЛА БІТІКОВ, ОБЛЫСТЫҚ МҮГЕДЕКТЕР ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясын республика көлемінде жалпы санын 500-ге жеткізу көзделген. Онда 24 мың маман жұмыс жасайтын болады.

 

Жаңалықтар таспасы