Азық түлік бағасын тұрақты ұстау басты талап

You are here

Өткен сенбі күні ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтті. Ақтөбе ауылшаруашылық колледжінде өткен мерекелік шараға облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, ауыл еңбеккерлерін құттықтады. Үздік шаруа қожалықтардың өкілдерін марапаттады.

Ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күні, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі аумағындағы шағын саябаққа шарша отырғызудан басталды. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен сала ардагерлері, бірнеше жас шыршаларды отырғызды. Кейін, білім ұясының жанындағы жылыжайда болып, оқушылар еккен көкөніс түрлерін көрді.  Ал, мерекеге орай арнайы ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесіне, тауар өндірушілер мен қайта өңдеу кәсіпорындарының өнімдері қойылған. Облыс аудандары мен Ақтөбенің 50-ден астам өнім өндірушілері қатысқан көрмені облыс әкімі аралап, тауар түрлерін көрді. бағасын білді.

Көрмеге ет, сүт, ұн өнімдерінен өзге, инновациялық әдіс-тәсілдермен өндірілген тауар түрлері де қойылды. Оның арасында, бал, көкөністерден жасалған тәтті тағамдар да бар. Облыс әкімі, ешкі сүтін өндіріп, тұтынушыларға ұсынып отырған шаруа қожалығының ісіне жоғары баға берді. Қала аумағында орналасқан ірі ауылшаруашылық өнімдерін өндіруші кәсіпорындар секілді, әр аудандар да соңғы уақытта шығарыла баста ған азық-түлік өнімдерін алып келген. Бұл тауар түрлерін дайындауға, мемлекет тарапынан зор қолдау көрсетілетіні анық. Биыл облыстық ауылшаруашылық құрылымдары 120 млн теңгенің өнімін өндірген. Бұл алдыңғы жылдармен салыстырғанда, әлдеқайта жоғарғы көрсеткіш. Агроөнеркәсіп саласына тартылған қаржы көлемі де өсіп отыр. Биылғы он айдың қортындысы бойынша, 5,5 млрд теңгені құрауда

ҚАРЖАУБАЙ ЫБРАЙМҰЛЫ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Облыстық ауылшаруашылық саласы, алған қойған тиісті міндеттерді толық орындап келеді деген басқарма басшысы, көптеген жетістіктер мен әлі де шешімін табуы тиіс, мәселелердің барында айтып өтті. Оның ішінде, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес суармалы жерлерді тиімділігін оңтайлы пайдалану мен мүйізді ірі қара экспортын арттыруға мейлінше көңіл бөлу қажеттігін жеткізді. облыстық ауылшаруашылық басқармасы басшысының баяндамасынан кейін, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сөйлеп, алдымен ауылшаруашылығы қызметкерлерін мерекемен құттықтады. Облыс басшысы, ауыл еңбеккерлеріне жылы лебізін білдіріп, еңбектеріне табыс тіледі. Ауыл шаруашылығын одан әрі дамытуға көңіл бөлу керектігін айтты.   

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев, облыста мал басын көбейтуге және асылдандыруға толық мүмкіндік бар екенін айтып, бұл ретте мемлекеттік бағадарламалардың игілігін көру қажет деді. Сондай-ақ, шаруа қоджалықтарына көктемгі егін науқанына қазірден дайындалып, тұқым сапасын арттыруға барынша күш салу керек екенін, ескертті. Бұдан өзге, суармалы алқаптарды тиімді пайдалану арқылы, көкөніс түрлерін де арттыруға мүмкіндік бар деді. Бұның барлығы ең қажетті азық-түлік бағасын тұрақты ұстауға септігін тигізетінін атап өтті.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Мерекелік шара барысанда, ауылшаруашылық саласының еңбек озаттары марапатталды. Облыс әкімі, бір топ азаматттаарды "еңбек ардагері" медальімен және "Құрмет" Грамотасымен және облыс әкімінің алғыс хаты және бағалы сыйлықтарымен марапаттады.

 

Қосылды: 
23.11.2015 - 14:30
Соңғы өзгерiстер: 
29.08.2016 - 16:44

Жаңалықтар таспасы