Алаш Әбілқайыр ханмен қайта қауышты

You are here

Қазақ баласы небір алмағайып заманды басынан өткерді. Күні бүгінге дейін Алтайдан Атырауға дейінгі атырапты жайлаған Алаштың тарихы толыққанды түгендеуге мұқтаж. Тәубе. Тәуелсіздіктің таңы атқан соң,  өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз жануда. Әйтеке би ауданындағы «Хан моласында» қазақты ұлт ретінде сақтап қалған баһадүр батыр Әбілқайыр ханға кесене тұрғызылды. Үш жүздің бірігуін бейнелеген мұнаралардан мемориялды кешен ашылды. Толыбай ауылында Әбілқайыр хан мұражайы жұмысын бастады. Бұл игі шаралар Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында жүзеге асты.

«Хан моласы» қорымындағы зираттар 40 жылға жуық зерттелді. Ғалымдардың төккен тері еш кетпеді. 17 жасында кіші жүзге хан атанған, үш жүздің бас қолбасшысы Әбілқайырдың болмыс, бейнесі анықталды.

ӨТЕПБЕРГЕН ӘЛІМГЕРЕЕВ ӨЛКЕТАНУШЫ, ЖАЗУШЫ /АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

Қапыда жау қолынан қаза болып, рухы бағзы мекенде байыз тапқан бахадүрдің асыл сүйегі аруланып, басына кесене тұрғызылды. Тарихи тұлғаның санада жаңғыруы қазақ жұртшылығын бір серпілтіп тастады.

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Ал, Әбілқайыр ханға арналған мемориялды кешеннің биіктігі 25 метр. Үш мұнарасы үш жүзді бейнелейді. Қабырғаларында қазақ руларының таңбалары бедерленген.

ЗҰЛҚОЖА ҚОЖАЕВ, «АЛИХАН ОЙЛ-З» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ

Осы жерде қазақ-орыс байланысы орнады. Осы жерде нағыз дала мәдениеті қалыптасты. Демек, осы маңдағы тарихи-табиғи ескерткіштердің «басын» біріктіретін Әбілқайыр ханның кесенесі болмақ. Сондықтан, туристік орындардың маршруты әзірленеді. Ал, Батыс пен орталықты жалғайтын тас жол бұл кесенеден 3 шақырым қашықтықтан өтетін болады.  

АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН, ӘЙТЕКЕ БИ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ

Ханның тойы Хан моласынан тоқсан шақырым жердегі Толыбай ауылында өтті. Ақ шаңқан үйлер тігіліп, меймандарды күтті. Осы жерде Әбілқайыр хан мұражайы ашылды. Әбілқайыр хан Әз Тәукеден соң алғашқы болып алты алаштың басын біріктірді. Бас қолбасшы Аңырақай, Бұланты шайқастарында қалмақтың құтын қашырды. Қазақтың төрт тараптағы жауының екпінін тежеді. Бірақ, атақты хан болмысын ұзақ уақыт бойы ат төбеліндей аз ғана топ ұғып келді. Тарих бұрмаланып, асыра сілтеу де болды. Қазақстанның тәуелсіздікке қол жеткізуі Әбілқайыр ханның тарихи тұлғасын толық көрсетуге жол ашты. Жергілікті халық енді Толыбай ауылын Әбілқайыр хан деп атауды сұрап отыр. Ұсыныс халық қалаулыларының қарауында. 

 

Қосылды: 
05.10.2015 - 17:04
Соңғы өзгерiстер: 
31.08.2016 - 14:36

Жаңалықтар таспасы