Алтын Бесік балабақшасы ашылды

You are here

Бүгін "Нұр Ақтөбе" шағын ауданында "Алтын бесік" балабақшасы ашылды. Тәуелсіздік күнін жағымды жаңалықпен бастаған ақтөбелік бүлдішіндер мен олардың ата-аналарын осы салтанатты рәсімге арнайы келген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев пен қала әкімі Бекбол Сағын құттықтады. Осыған дейін жаңа ауданға қоныстанып үлгерген жас отбасылар балабақшаның салынғанын көптен күткен еді. Сондықтан, Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келген жаңалықты жақсылықтың нышаны деп қабылдады.  

Тәуелсіздік алған жылдардан бері Ақтөбе де елімізбен бірге көркейіп дамыды. Сәулетті құрылыстар бой көтерді. Нұр Ақтөбе шағын ауданы осының бір дәледі. Бүгін жаңа ауданда жаңа балабақшаның пайдалануға берілгені Тәуелсіздік күнін айшықтаған қос қуаныш болды. Оларды құттықтаған облыс әкімі "Алтын бесік" балабақшасы аты айтып тұрғандай бүлдіршіндер үшін тәрбие бесігіне айналуы тиіс деді. 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ

Жаңа үлгідегі, заманауи талапқа сай салынған балабақша ғимараты үш қабаттан тұрады, 320 орындық. Білім мен тәрбие беретін мектепке дейінгі ұйым қазіргі заман талаптарына сай. Құрылысқа жергілікті бюджеттен қомақты қаражат бөлінген. Жаңа технологиялармен жабдықталған бөлмелерде балалардың ойнауы, ой-өрісін дамытуы, білімге құштарлығын арттыруға,музыкалық қабілеттерін жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді кеңінен пайдалануға болады. 250 шаршы метрді алып жатқан спорттық алаңдар балалардың денсаулығын нығайтуға үлкен қолдау. Қалада келесі жылы да мұндай балабақшалардың бірнешеуі ашылмақ.

ЛӘЗЗАТ ОРАЗБАЕВА, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ

Жаңа ғимарат қауіпсіздіктің барлық құралдарымен және асханамен жабдықталған. Мұнда балалар аптасына 5 күн бола алады. Нұр Ақтөбенің ікшкентай тұрғындары мұнда балабақша кезегіне тұру арқылы қабылданады.

 

Жаңалықтар таспасы