Алты елдің жетекші оториноларингологтары Ақтөбеге жиналды

Ақтөбеде оториноларингологтардың «Оториноларингологиядағы заманауи тұжырымдамалар мен инновациялық технологиялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы аясында есту және тыныс алу органдарын қалпына келтіру бойынша жеті күрделі ота жасалды.

6-7 маусым күндері Оңтүстік Корея, Түркия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстанның жетекші дәрігерлері медицинаның маңызды бағыттарының бірін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Ірі шара Ақтөбе медицина орталығы жанынан өтіп жатыр.

- Елбасы денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше көңіл аударады, Қазақстан Тәуелсіздік жылдары ішінде медицинада айтарлықтай жетістіктерге жетті, инновациялық технологиялар енгізілуде, күрделі оталар жасалып жатыр. Президент тапсырмасы бойынша елімізде денсаулық сақтау саласын цифрландырудың тиімді шаралары қолданылуда. Маңызды бағыттардың бірі - оториноларингология табысты дамып келеді. Бұған қоса, біз алыс-жақын шетелдердің мамандарымен тәжірибе алмасу және халықаралық әріптестік жұмыстарын күшейтуіміз қажет. Халықаралық қатынастарды нығайту мақсатында өткізіліп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференция елдегіоториноларингологияны дамытуға жаңа серпін беретініне сенімдімін, - деді конференция жұмысын ашқан облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Өңір басшысы шетелдік сарапшыларға ақтөбелік дәрігерлермен тәжірибелерімен және заманауи көмектің әдістерімен бөліскендері үшін, облыс тұрғындарына күрделі оталар жасап, тәжірибелік көмек бергендері үшін алғыс айтты. Атап айтқанда, түрік дәрігерлері «Бақытты бала» жобасы аясында есту қабілеті нашар үш балаға тегін ота жасайды. Конференция кезінде облыстың оториноларингологиялық қызметіне сүбелі үлес қосқан денсаулық сақтау саласының ардагерлері марапатталды.

Шара соңында делегаттар осы бағытты дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік беретін қарарды қабылдады. Екі күн бойы Оңтүстік Кореядан, Түркиядан келген хирург сарапшылар, қазақстандық ғылыми орталықтардың жетекші профессорлары құлақ микрохирургиясы, эндоскопиялық риносинусохирургия, көмей микрохирургиясы бойынша инновациялық жобаларды қолдана отыра шеберлік сабақтарын өткізеді.

 

Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі